22 Қаңтар, 2016

Мүгедектер мәселесі көтерілген мәслихат

420 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
IMG_0030Алматыда «Мүгедектерді Мә­жі­ліске және мәслихаттарға сайлау» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Қазақстан баспасөз клубы ұйым­­дастырған жиынға Қазақстан Мүге­дектер одағының төрағасы, Денсау­лық сақтау және әлеуметтік даму ми­нистрінің кеңесшісі Әли Аманбаев, «Шы­рақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрайымы, Денсау­лық сақтау және әлеуметтік даму ми­нистрінің кеңесшісі Ләззат Калтаева, «Намыс» жоғары білімі бар мүгедектер қо­ғамдық бірлестігінің төрағасы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кеңесшісі Қайрат Иманалиев қатысып, көтерілген мәселелерге қатысты ұстанымдары мен ұсыныстарын білдірді. «Бүгінгі таңда Мүгедектердің құ­қықтары туралы конвенция бекітілген. Осы конвенцияға сәйкес мүгедектер мү­гедектігі бар адамдарға байланыс­ты түрлі стратегияларды, саясатты жә­не бағдарламаларды әзірлеуге қаты­суы тиіс. Сонымен қатар, бұл конвенция мүгедектерді үкіметтің атқарушы және заң шығарушы органдарының жұ­мы­сына белсенді қатысуға шақырады. Осы­ған орай, Мәжілістің тарауы туралы және Мәжіліс пен мәс­лихаттарға қос сайлауды қатар өткізу жайлы шешімді қолдаймыз. Ұлттық деңгейде Мәжіліске және аймақтық дең­гейде мәслихаттарға мүгедектігі бар адам­дар арасынан депутат сайлайтын уақыт келді. Мүгедектер арасында заң ак­тілерін әзірлеуге, түрлі зерттеулер жүр­гізуге, арнайы әлеуметтік қызмет ұсы­ну бағдарламаларын жасауға бел­сене қатысқан жоғары білімді жан­дар бар. Сондықтан, ондай адам­дардың Парламент және мәслихаттар жұмыстарына қатысуы қажет деп ойлаймыз. Олардың білек түріп, ұлт­тық және аймақтық деңгейде заң шығару қызметіне белсене араласуы мү­гедектердің тұрмыс сапасын жоға­рылату үшін лайықты жағдай жасауға мүмкіндік береді. Барлық партияларды Мәжіліске және мәслихаттарға өзде­рінің сайлау тізімдеріне мүгедек­тер ұйымдарының өкілдерін енгізуге шақы­рамыз», – деді баспасөз мәслихатында сөз алғандар. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.