22 Қаңтар, 2016

1000 жылдыққа – 1000 қайырымды іс

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы«Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» жоспары аясында мегаполистегі G38 жастар ұйымы бизнес-қауымдастықпен, үкіметтік емес ұйымдармен және жәй ғана алматылықтармен ұдайы қа­рым-қатынаста болып, кө­мек­ке мұқтаж жандарға мың түр­­лі қайырым­ды­лық көрсетпек. Осынау акция ҰОС ардагер­лерін, қарттарды, тұрмысы нашар отбасылар мен көпбалалы үйлерді қамтиды деп күтілуде. Қайырымды жастар балалар үйлеріне де барып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қарайласатын болады. Мың мейірімге толы тір­ліктің ішіне үй жинап беру, қолғабыс ету, азық-түлік сатып әперу, шипажайларға жолдама ұйымдастыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау мекемелерінде емделуге септесуден бастап, бәрі-бәрі кіреді. Акцияны ұйымдастырушылар осынау сауапты іске қаладағы жоо-лардың студенттерін де тар­тып, оларды жұмыспен қамта­ма­сыз етуді көздеп отыр. Аталмыш акция 20 қаңтарда Алматыдағы Оқушылар сарайынан бастау алып, енді жыл аяғына дейін жалғасады. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алматы.