«Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» жоспары аясында мегаполистегі G38 жастар ұйымы бизнес-қауымдастықпен, үкіметтік емес ұйымдармен және жәй ғана алматылықтармен ұдайы қарым-қатынаста болып, көмекке мұқтаж жандарға мың түрлі қайырымдылық көрсетпек.
Осынау акция ҰОС ардагерлерін, қарттарды, тұрмысы нашар отбасылар мен көпбалалы үйлерді қамтиды деп күтілуде. Қайырымды жастар балалар үйлеріне де барып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қарайласатын болады.
Мың мейірімге толы тірліктің ішіне үй жинап беру, қолғабыс ету, азық-түлік сатып әперу, шипажайларға жолдама ұйымдастыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау мекемелерінде емделуге септесуден бастап, бәрі-бәрі кіреді.
Акцияны ұйымдастырушылар осынау сауапты іске қаладағы жоо-лардың студенттерін де тартып, оларды жұмыспен қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Аталмыш акция 20 қаңтарда Алматыдағы Оқушылар сарайынан бастау алып, енді жыл аяғына дейін жалғасады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше