АҚТӨБЕ. 21 қаңтар. «Ақтөбе өңірінің музыкалық мұрасы» атты аудиожинақ жарыққа шықты. Аудиожинақтың алғысөзін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жазған. Жинаққа Ақтөбе жерінде туған, өмір сүрген белгілі ақындар мен халық композиторларының шығармалары енген. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай шығарылған ән мен күй жиынтығында 12 СD диск бар. Оған 213 шығарма енгізілген. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ақтөбе облысы әкімдігінің, Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның тапсырысы бойынша шығарылған жинаққа енгізілген туындылар кемінде үш ғасырды қамтиды. Антологияны шығарушы продюсер, мәдениеттанушы Альберт Сафуллиннің айтуынша, бұл жинақты шығару үшін екі жылдай уақыт кеткен.
Қазақ руханиятының бір бөлшегі – Ақтөбе өңірі де музыкалық мұраға бай. Дәулескер күйші Қазанғаптан бастап, Батақтың Сарысы, Қызыл Тұрдалыұлы, Сарышолақ шайыр, Боғда Қараұлы, Үсен төре, Таразы Кәленқызы, осы жерде ізі қалған Асан қайғы, Мөңке Тілеуұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Ақтан Керейұлы, Әбубәкір Кердері, Тәңірберген Молдабай, Наурызбек, Тілеумағамбет жыраулар, Нұрпейіс Байғанин сынды әнші-жыраулар мен халық композиторларының, кейінгі Ахмет Жұбанов, Бәкір Тәжібаев, Ғазиза Жұбанова, Бақыт Басығараев, Қадірәлі Ержанов, Сәдуақас Балмағамбетов сияқты композиторлардың шығармалары, Қуандық Шаңғытбаев, Сағи Жиенбаев, Мейірхан Ақдәулетұлы, Ертай Ашықбаев, Бауыржан Бабажанұлы, Қайырғали Қожанбаев, Бейбіт Оралұлы, Абдулхамит Райымбергенов, Жайлау Асылханов сынды ақындар, композиторлар мен күйшілердің шығармалары осы жергілікті рухани мұраны байытып тұр.
Жинаққа Ақтөбе топырағында ізі қалған әйгілі Асан қайғы, Мөңке Тілеуұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Ақтан Керейұлы, Әбубәкір Кердері, Сарышолақ Боранбайұлы, Сары Батақұлы, Қызыл Тұрдалыұлы, Таразы Кәленқызы, Тәңірберген Молдабай, Нұрпейіс Байғанин сияқты жыраулар мен халық композиторларының шығармалары, өңірдің ән шеберлері мен термешілерінің орындауында кең таралған дәстүрлі халық әндері, көнеден келе жатқан халық күйлері мен дәулескер күйші Қазанғаптың және оның ізбасарларының теңдессіз күйлері топтастырылған. Сонымен қатар, қазіргі заманғы қазақ музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірегейі академик Ахмет Жұбановтың, ақын-композитор Бәкір Тәжібаевтың шығарған әндері, көрнекті жерлес ақындар – Қ.Шаңғытбаев, С.Жиенбаев, М.Ақдәулетұлы, Е.Ашықбаев және басқалардың сөздеріне жазылған танымал композиторлар мен жергілікті сазгерлердің шығармалары енгізілген.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 21 Қаңтар, 2016
Ақтөбенің өңірлік музыкалық мұрасы аудиожинақ болып шықты

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10