АҚТӨБЕ. 21 қаңтар. Ақтөбе қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы қайта сайланды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ұйымның ХІ есеп беру-сайлау конференциясында қала әкімі Бекбол Сағын жергілікті атқарушы органдардың шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы және Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру барысындағы жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар, қала басшысы Ақтөбе қаласында тұратын егде жастағы азаматтардың қаланың қоғамдық өміріне белсенді атсалысатындықтарын атап өтті және ардагерлерге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында бірлесіп, табысты жұмыстар атқару туралы тілегін жеткізді.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Александр Прихно қалалық ардагерлер кеңесінің 2010-2015 жылдар аралығында атқарған жұмыстары туралы баяндады. Бүгінде Ақтөбеде 20 мыңнан астам ардагерлер мен зейнеткерлерден тұратын 86 бастауыш ардагерлер ұйымы бар. Қалада және оған қарасты ауылдық округтерде 112 Ұлы Отан соғысының ардагері, 4173 тыл ардагерлері тұрады. Қалалық ардагерлер ұйымы қызметінің басты бағыттарының бірі – қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласу, ардагерлер мен зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелерін шешу, мектептерде, музейлерде жастарды патриоттыққа тәрбиелеу.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Александр Прихно (суретте) қайта сайланды.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: aktobetimes.kz.

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10