АҚМОЛА. 22 қаңтар. Ақмола облыстық әділет департаменті Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы бойынша құқықтық дәрістеме өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шара барысында әділет департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Манар Байғожина Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау қазақ педагогикалық колледжі мен гуманитарлық техникалық лицей шәкірттеріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиясы мен 2015 жылдың 30 қарашасында халыққа арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, елімізде осы жоспарды іске асыру мақсатында бірқатар жаңа заңдардың қабылданғанына, жыл аяғына дейін тағы басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу көзделіп отырғанына тоқталды. Сондай-ақ, биылғы жылдың басты оқиғасы –Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауын өткізудің маңыздылығы кеңінен қамтылды.
Пікір алмасу кезінде Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау қазақ педагогикалық колледжінің оқушылары Фариза Еншілес пен Лашын Аманбек 2017 жылдан бастап жастардың тегін кәсіптік білім алатынына, жас буынның жұмысшы мамандықтарын меңгеруі қажеттігіне қолдау білдіріп, өздерінің болашақ туралы ойларын ортаға салды. Оқу орнында сайлауға дайындық шарасы барысында тұңғыш дауыс берушілер тізімі әзірленгені, оларға зор жауапкершілік артылатыны да айтылды.
Облыстық кітапхана жанынан құрылған «Серпер» клубының төрағасы Бақытберді Қуатхан замандастарын Жолдаудағы міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруға белсене араласуға шақырса, кітапхана қызметкерлері дайындаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» көрмесінен де көпшілк келелі ой түйді.
Бақберген Амалбек.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше