АЛМАТЫ. 22 қаңтар. Осы аптада Алматыда отандық иллюзия өнерінің өкілдері бас қосты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қазақстан фокусшылары үйірмесі ұйымдастырған бас қосуға иллюзия өнерінде 53 жылдан бері жүрген америкалық Джимм Браун келді. Алматыда осындай жиын өтетінін біле салып, Өзбекстанның үздік сиқыршыларының бірі Дмитрий Пояков та ұшып келген.
Қаладағы «Созвездие» тренинг орталығында өткен кездесу біржағынан қазақстандық иллюзионистердің екінші съезі деуге де болады. Өйткені бұл жиынға еліміздің әр түкпірінен – Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Қызылорда, Қостанай қалаларынан 15 иллюзионист келген.
«Біздің Қазақстан фокусшылары үйірмесі 2012 жылы құрылған. Ұйымның 30 мүшесі болса, бүткіл елімізде бұл өнермен 50-ге тарта адам айналысады. Олардың кейбіреуі фокус көрсетуді хобби деп білсе, көпшілігі иллюзия жанрынан нанын тауып жеп жүр. Ал иллюзияның атасы деп есептелетін Джимм Браун менің де ұстазым», – дейді өнерпаз Жеңіс Айтжанов.
Сонымен кездесуге келгендер арасында цирктің осынау ерекше жанрымен жаңадан айналысып жүргендер де, Кәрім Мұтырғанов, Камал Қоңқараев, Алтынай Байтоқанованың шәкірті Ләззат Байтоқанова сияқты танымал иллюзионистер де болды.
Иллюзионистердің бейресми съезі кезінде Джимм Браун өз тәжірбесімен бөлісіп, жас фокусшылардың машығын жетілдіріп, жастардың өнерін дамытуға айтарлықтай үлес қосты, деп есептейді біздің жерлестер.
Айнаш Есали.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады
Спорт • Бүгін, 19:05
2026 жылы Қазақстанда балаларға арналған 42 мың дана кітап жарық көреді
Қоғам • Бүгін, 18:29
Курчатов ғылым қалашығына айналады: Даму жоспары әзірленді
Аймақтар • Бүгін, 17:50
800 мың теңге: Павлодарда нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 17:40
2029 жылға дейін халықтың табысы қалай артады? Үкімет жаңа бағдарлама әзірлеп жатыр
Экономика • Бүгін, 17:22
Қайтарылған активтер есебінен Шымкентте жаңа жатақхана ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:13
Демалыста жұмысқа жеккен: Алматыда офицер бағынушысына күш қолданғаны үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:51
Мұраға қалған мүлікті қалай дұрыс рәсімдеу керек?
Қоғам • Бүгін, 16:40
Елордада самокаттардың тіркеу нөмірлерін автоматты түрде тану жүйесі енгізілмек
Елорда • Бүгін, 16:31
Әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингі жарияланды: Қазақстан нешінші орында тұр?
Қазақстан • Бүгін, 16:10
Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат есебінен салынған әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 15:51
Петропавлдағы көпқабатты үйден өрт шықты: 13 адам эвакуацияланды
Қоғам • Бүгін, 15:35