22 Қаңтар, 2016

Никарагуада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22.01.2016 nicaraguaАСТАНА. 22 қаңтар. Никарагуада жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 50 жолаушы түрлі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға бейсенбі күні Матагальпа департаментінде болды. Алдын-ала болжам бойынша, апаттың негізгі себебі, көліктің тежегіш жүйесінің істен шыққанынан болуы мүмкін. Осыдан соң, арнайы қойылған тосқауылды соғып өтіп, тереңдігі үш метр болатын жыраға құлап кетті. Құтқару жұмыстарына өрт сөндірушілер, Қызыл крест ұйымы және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Апат орнында құқық қорғау органының қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: 24tv.ua.