22 Қаңтар, 2016

Батыс Қазақстанда пара алғаны үшін департамент басшысы ұсталды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22-01-2016-oral 01ОРАЛ. 22 қаңтар. Жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері табиғи монополияларды бақылау және бәсекелестікті қорғау комитеті Батыс Қазақстан облыстық департаментінің басшысы Уәлихан Разов жемқорлыққа қатысы бар күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ұлттық бюроның хабарлауынша, «АқсайГазПромЭнерго» АҚ бас директоры Алхат Әбзәлілов өзінің кәсіпкерлік қызметіне кіріспеушілік мақсатында Уәлихан Разовқа 250 мың теңге мүліктік құндылығы бар пара беру фактісі бойынша ашық түрде тергеу ісі басталғанын растап отыр. Соған байланысты Уәлихан Разов Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша Орал қалалық ішкі істер бөлімінің уақытша қамау изоляторына қамалды. Аталған департаментке Уәлихан Разов 2014 жылдың желтоқсан айында басшы ретінде тағайындалған болатын. Алғаш еңбек жолын бірқатар кәсіптік мекемелерде менеджер, кейін кәсіптік директор лауазымдарын атқарған. 1998-2000 жылдар аралығында облыстық салық басқармасында, 2005-2010 жылдары және 2012-2013 жылдар аралықтарында бөлім басшысы, облыстық кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары болып істеген. 2010-2011 жылдары «Технопарк «Алгоритм» ЖШС басқарған. 2012 жылдары облыс әкімі аппаратында экономика және бюджеттік жоспарлау жөнінде бас инспектор, кейін экономикалық анализ бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2012 жылдың маусым айынан бастап Уәлихан Разов облыстық монополияға қарсы инспекциясының басшысы қызметіне кіріскен. Темір Құсайын. Дерек, сурет: egemen.kz.