АСТАНА. 22 қаңтар. «Астана» футбол командасы УЕФА Еуропа лигасының плей-офф сатысында ойнауы мүмкін. Егер УЕФА біздің клуб үшін оң шешім қабылдаса, елордалықтар бұл турнирде Түркияның «Галатасарай» клубын алмастырады. Бұл туралы fotomac.com.tr басылымына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарласты.
Бүгінде «Галатасарай» командасы Fair Play жүйесі бойынша қаржы қиындығына тап болып отыр. Бұған дейін клуб УЕФА тарапынан ескерту алғанымен, әлі күнге оны орындамаған. Сондықтан аталған ұйым Ыстамбұлдың командасын еурокубоктық бәсекелерден шеттетіп, қатаң жазалауы мүмкін. Оның ішінде ақпан айында плей-офф кезеңі басталатын Еуропа лигасы да бар. Ал «Галатасарай» аталған турнир шеңберінде 18 және 25 ақпан күндері Италияның «Лацио» командасымен кездесуі тиіс.
Айта кетейік, Түркияның бұл командасы осы маусымда «Астанамен» Чемпиондар лигасында бір топта ойнады. Нәтижесінде «Атлетико» (Испания) мен «Бенфика» (Португалия) бірінші және екінші орын алып, турнирдің келесі айналымына жолдама алды. Ал үшінші орыннан көрінген «Галатасарай» Еуропа лигасында ойнау мүмкіндігіне ие болған еді. Сәйкесінше, «Астана» топта төртінші орын алғанын атап өткен жөн.
Еламан Қоңыр.
Дерек: fotomac.com.tr.
Сурет: fitness96.ru.
• 22 Қаңтар, 2016
Еуропа лигасында «Галатасарайдың» орнына «Астана» ойнауы мүмкін

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше