22 Қаңтар, 2016

Кенияда ежелгі жауынгерліктің ізі табылды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22-01-2016-KeniaАСТАНА. 22 қаңтар. Археологтар Кениядағы Туркан өзенінің жағалауынан ежелгі жауынгердің ізін тапты. Олардың пайымдауынша, анықталған із шамамен 10 мың жыл бұрынғы адамзаттың алғаш соғыс тәсілін меңгеріп, жауынгер атануы болса керек. Бұл туралы ria.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Кения ғалымдары: «Ежелгі адамдар топ-топқа, тайпа-тайпаға бөлініп сайын дала төсінде соғысқан немесе аңшылық арқылы жыртқыштардан қорғанған. Табылған сардарлар соғысының ізі адамзат тарихындағы ең көне дәуірдің белгісі. Осы арқылы біз сол кезеңдегі жауынгердің қандай болғанын анықтаймыз», – дейді. Сондай-ақ, археологтардың бұл жаңалығы көне кезеңдегі адамдардың елі мен жерін жауынан қорғау мақсатындағы соғысы болуы мүмкін немесе жорықтар ұйымдастырған жауынгерлердің ізі дегенді меңзейді. Айта кетейік, 2012 жылы ғалымдар осы өлкеден ежелгі адамдардың жаппай жерленген мүрделерін анықтаған. Онда 8 ер адамның, 8 әйелдің, 6 бүлдіршіннің және 5 ересек баланың денелері терең шұңқырға көмілген. Мұны археологтар отбасылық қастандықтың құрбаны деп болжам жасады. Жалпы, ғалымдар алдағы уақытта табылған іздер арқылы бағзы замандағы адамзаттың жауынгерлікті қаншалықты меңгергені мен олардың өмір сүру бағытын анықтамақ. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: ria.ru.