22 Қаңтар, 2016

Шығыс Қазақстанда Ұлан ауданының әкімі тағайындалды

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22-01-2016 akimӨСКЕМЕН. 22 қаңтар. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Ұлан ауданының әкімі болып Дәулет Батырбаев тағайындалды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ол 2012 жылдан бастап аталған аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімінің міндетін атқарушы қызметін атқарған болатын. Дәулет Батырбаев 1976 жылы Семей қаласында туған. 1998 жылы Семей мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіп кешені саласындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді. 2001 жылы Новосібір гуманитарлық институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдады. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң Новосібір гуманитарлық институты өкілдігінің әдіскері болып жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап, бизнес құрылымдарда, оның ішінде жетекші қызметтерде болды. Ал мемлекеттік қызметтегі жұмысын 2009 жылы Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы болудан бастады. Одан соң Өскемен қаласының Меновное ауылдық округінің әкімі болды. 2011-2012 жылдары Шығыс Қазастан облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасында бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2012 жылдың маусым айында Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап, аудан әкімінің міндетін атқарушы қызметінде болды. Думан Анаш. Дерек, сурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.