АСТАНА. 22 қаңтар. АҚШ-тың Кинематографиялық өнер және ғылым академиясы алдағы бес жыл көлемінде «Оскар» сыйлығының «Үздік фильм» санаты бойынша үміткерлер санын сегізден онға арттыруды жоспарлады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Екінші жыл қатарынан үміткерлер арасында бірде-бір афроамерикандықтың болмауына байланысты танымал актерлер наразылықтарын білдірген болатын. Осы себепті академия мүшелері жаңа реформалар қабылдауды қолға алды. Сондай-ақ, өзге де санаттар бойынша үміткерлер санын арттыру жоспарланды. Ал салтанатты кеште сыйлық иесі анықталған соң, ұпай санын қайта есептеу туралы ереже қабылданбақ.
The Los Angeles Times басылымының хабарлауынша, қазіргі кезде академия ішінде 6 мыңнан астам қызметкер бар, оның 94 пайызы – ақ нәсілді.
Айта кетейік, «Оскар» сыйлығының үміткерлері белгілі болған соң, қара нәсілді танымал актерлер өз наразылықтарын білдірген. Алғаш болып, Уилл Смиттің жұбайы Джада Пинкетт-Смит «Оскар» сыйлығына бойкот жариялаған болса, артынша Уилл Смиттің өзі де қосылды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: naviny.by.
• 22 Қаңтар, 2016
«Оскар» алдағы жылдары үміткерлер санын арттырады

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше