АСТАНА. 23 қаңтар. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып франциялық маман Эрве Ренар тағайындалады. Ол Астанаға келіп, Қазақстан футбол федерациясымен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы kazfootball.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Алдағы күндері Федерация ресми түрде французды отандық футболсүйер қауымға таныстырады деп күтілуде.
Айта кетейік, 47 жастағы маман жаттықтырушы ретінде Африка халықтарының кубогын екі дүркін жеңіп алған. Алдымен 2012 жылы Замбия құрамасын жеңіске жеткізсе, 2015 жылы Дидье Дрогба бастаған Кот-д-Ивуарды құрлық чемпионы атандырды. Сондай-ақ, Ангола құрамасы мен Францияның «Сошо», «Шербур», «Лилль» сынды командаларын жаттықтырды.
Эрве Ренар 1968 жылы 30 қыркүйекте Францияның Экс-ле-Бен қаласында туған. 1983 жылы «Канн» футбол командасы сапында футболшы ретінде спорттық мансабын бастап, 1998 жылға дейін ойнады. Ал жаттықтырушылық қызметке 1999 жылы келді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: kazfootball.kz.
Сурет: football-tv.ru.
• 23 Қаңтар, 2016
Футболдан Қазақстан құрамасын француз маманы жаттықтырады

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше