ресми түрде ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растады
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Латвия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Юрийс Погребнякспен кездесті.
Тараптар «жасыл энергетика» саласында одан әрі ынтымақтасудың келешегі жөнінде пікір алмасып, Латвияның Астана көрмесіне қатысуының мәселелерін талқылады.
Р.Жошыбаев Қазақстанның көрмеге дайындық шеңберіндегі атқарылып жатқан жұмысы туралы хабарлап, латвиялық тараптың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы Қазақстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті.
Өзі тарапынан Ю.Погребнякс Латвия үкіметінің ЭКСПО-2017 көрмесіне ресми түрде қатысатындығын растайтын нотаны табыстады. Оның айтуынша, Латвия Халықаралық көрме бюросына мүше емес елдердің қатарында және бірнеше рет ЭКСПО көрмесінің қатысушысы болған. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын растауы Латвияның Қазақстанға деген жоғары қызығушылығын және ерекше достық қатынастарын көрсетеді.
Латвия 2020 жылға дейін ең «жасыл» мемлекет болуға ұмтылыс жасап отырған елдердің бірі және кездесу барысында Қазақстанмен «жасыл энергетика» саласында ынтымақтасуға дайын екенін білдірді. Латвия Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл көпір» бағдарламасын даярлау бастамасын қолдаған алғашқы мемлекеттердің бірі және осы бағдарлама бойынша Хартияға қол қойды.
Сонымен, бүгінгі күні Латвия 70-ші мемлекет болып ресми түрде ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растады.
«Егемен-ақпарат».

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше