23 Қаңтар, 2016

Елорда кәсіпорындарында ілгерілеушілік байқалады

283 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
KBB_8175Кеше Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков елордадағы өндірістік кәсіпорындар жұмысының жағдайымен танысты. Алкогольсіз сусындар өн­діретін «Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС, шыны өңдейтін «КСС-Астана» ЖШС, сауда-өндірістік автоматтандырылған кешені «KazTexExpo» ЖШС, жоғары технологиялы электронды-оптика­лық жабдықтар шығаратын «Қазақ­стан ASELSAN инжиниринг» ЖШС және басқа да кәсіп­орын­дар мы­­салында мемлекет­тік ин­дус­­­­­­трия­лық-инновациялық даму бағ­дарламасының жобаларын табысты жүзеге асыру сәттері көр­сетілді. Қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайға қарамастан барлық кәсіпорындар жұмысын жалғастырып қана қоймай, сонымен бірге, жұмыста заманауи технологиялар мен ең жаңа талдамаларды қолдана және тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, өзінің өндірісі мен өткізу рыногын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сол арқылы салықтық түсімдер де бюджетке тұрақты түсуде. Инвестициялар және даму министрі мен Астана әкімі жоғары технологиялы электронды-опти­калық жабдықтар шығаратын «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС кәсіпорнында болды. Мұнда тепловизорлар, оптикалық жүйелер, линзалар шығарылады. Жоба Қазақстанның Қарулы Күштері мен басқа да ведомстволарын қажетті оптроникамен қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылып отыр. Кәсіпорында 129 жұмыс орны құрылған. Осында шығарылатын электронды-оп­тикалық жабдықтарды, түн­гі көру құралдарын зауыт Қазақ­станның, Түркияның, Үндістан­ның, Қытайдың, ТМД-ның бір­қатар еліне шығарады. Сол сияқты Индустриялық парк аймағында әлемдік өндіру­шілер­дің қазіргі заманғы автомат­тан­дырылған жабдықтарымен жарақтанған шыны өңдеу жө­нін­­дегі зауыт та орналасқан. Зауыт­тың өндірістік мүмкіндіктері Қа­зақ­станның құрылыс рыногын энергия үнемдейтін қауіпсіз шыны өнімдерімен қамтамасыз етуге, құрылыста жаңа архитектуралық шешімдерді пайдалануға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта зауыт өнімдері Астананың құрылыс нысандарында пайдаланылуда. Кәсіпорын «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша оқыған 78 маманды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. Жұмыс сапары барысында Ә.Исекешев пен Ә.Жақсыбеков металл құрылғылар мен «сэндвич»-панелдер шығаратын кәсіпорын – «СПЭН қорғау құрылғылары зауыты» ЖШС-да да болды. За­уыт өткен жылдың соңында ғана пайдалануға берілген, соған қара­мастан қазірдің өзінде 816 млн.теңгенің өнімін шығарып отыр. Ә.Исекешев пен Ә.Жақсыбеков болған «Қазақстанда жасалған» белгісімен шығарылатын «Уни­верmag.kz» отандық өнімдерді сату орталығы да өткен жылдың соңында ашылған болатын. Бір ай ішінде тауар айналымы 6 млн. теңгені құрады. Тауарларды 35 қазақстандық тауар өндірушілер ұсынып отыр. Кәсіпкерлер отан­­дық өндіріс өнімдеріне деген астаналық тұрғындардың тұрақты қызығушылығын атап көрсетуде. Сондықтан олар осындай дүкендерді Қазақстанның өзге де өңірлерінде ашпақ ниетте.  «Егемен-ақпарат».