23 Қаңтар, 2016

Үстелдің өлшемі адам тәбетіне тікелей әсер етеді

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазіргі таңда әлемді алаң­датып отырған өзекті мәсе­лелердің бірі артық салмақ екені белгілі. Оның әртүрлі себебі бар. Соның ішінде ең бастысы – дұрыс тамақтанбау. Осыған байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан америкалық ғалымдар тамақ ішетін үстелдің де адам тәбетіне әсері барын анықтады. Бұл жаңалықты Кали­фор­ния штатына қарасты Луис-Облиспо қаласындағы политехникалық универси­теттің ғалымы Брен­нан Дэ­вис пен оның әріптестері аш­ты. Олар аталған зерттеу жұмыс­тары барысында 200 ерікті сту­денттің тәбетіне сы­нақ жүр­гізген. Атап айтқанда, бір пиццаны екіге бөліп, бір бөлі­гін – шағын, ал екіншісін үлкен үстелге қойған. Нәти­жесінде ша­ғын үстелге отыр­ғандарға қара­ғанда, үлкен дас­тарқанға жа­йғасқан студенттер тамақты айтар­лықтай аз жеген. Психологтар мен диетологтар бұл жағдайды адам са­насының қабылдауымен түсін­діріп отыр. «Себебі, үлкен үс­телдегі та­мақтың да мөлшері адамға көп болып көрінеді. Сон­дықтан, адам аз жесе де, санасы оны көп деп қабылдап, қанағаттанады. Бұл – тәжірибе қомағай жандар үшін қолайлы тәсіл», – дейді Б.Дэвис. Бүгінде артық салмақтан ақша беріп, арылып жүргендер бар. Оның қасында мамандар бұл әдістің өте қарапайым әрі қолжетімді екенін айтып отыр. Ернар МҰХАМБЕТ.