Апта соңында Орталық коммуникациялар қызметінде қос тарапты дуалды оқытуды енгізу мәселелері бойынша брифинг өткізілді. Брифингте Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев, сондай-ақ, белсенді дуалды оқыту енгізіліп отырған колледж өкілдері және олардың әріптестері қатысты. Баспасөз мәслихаты барысында еңбек нарығына білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығына мән берілді.
– 2012 жылдан бастап Қазақстанда дуалды оқыту енгізілгені белгілі. Бұл үшін жаңа Еңбек кодексіне «дуалды оқыту», «дуалды оқыту бойынша келісім» ұғымдары және «дуалды оқыту» атты жаңа бап енгізілді. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ұғымдық аппаратына, Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың құзыреттеріне, білім беру практикасына 60 пайыз өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазіргі уақытта дуалды оқыту элементтері 348 колледжге енгізілді (2013 жылы – 176 колледж, 2014 жылы – 280 колледж), 1718 кәсіпорынмен 22223 студент, 1952 үш-төрт жақты шарттар мен келісімдер жасасты. Соның ішінде 10 негізгі сала бойынша, 86 мамандық және 159 біліктілігі аса қажетті мұнайгаз, химия, металлургия, ауылшаруашылық, энергетикалық, құрылыс мамандықтары бар. Дуалды оқыту нысанын талдау дуалды оқытуды енгізген колледждердің саны артқанын көрсетті. Ол 2015 жылы 68 бірлікке көбейген. Дуалды оқыту жүйесіне қосылған колледждер мен кәсіпорындар санының артуы студенттерді жұмысқа орналастыруға үлкен көмек болып отыр, деді Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев.
«Дуалды оқытудың стратегиялық альянсы» жобасы шеңберінде Германия кәсіпорындарымен ынтымақтастық жалғасуда. Evonik Industries AG, әлемдегі ең ірі цемент, бетон және металл-құрылым шығаратын химиялық концерн, сонымен қатар, CLAAS и John Deere ауылшаруашылық техникаларын шығаратын әлемдік көшбасшы. 2016 жылдың 15-19 ақпан аралығында Өскемен құрылыс колледж базасында неміс сарапшыларының басшылығымен бірнеше семинар өткізу жоспарланған. GIZ-бен бірлесіп электрондық базаны құру және дуалды оқыту бойынша мониторинг жүргізу үшін электрондық портал әзірленгенін де естеріңізге сала кетсек дейміз.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05