23 Қаңтар, 2016

Құқықтық дәрістеме өткізілді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облыстық әділет де­пар­таменті Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми әм­бебап кітапханасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы бойынша құқық­тық дәрістеме өткізді. Шара барысында әділет де­пар­­­таментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Манар Байғожина Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау қазақ педагогикалық колледжі мен гу­манитарлық-техникалық лицей шәкірттеріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары мен 2015 жылдың 30 қарашасында халыққа арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, елімізде осы жос­парды іске асыру мақсатында бір­қатар жаңа заңдардың қабыл­данғанына, жыл аяғына дейін тағы басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу көзделіп отырға­нына тоқталды. Пікір алмасу кезінде Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау қазақ педагогикалық колледжінің оқу­шылары Фариза Еншілес пен Лашын Аманбек 2017 жылдан бастап жастардың тегін кәсіптік білім алатынына, жас буынның жұ­мысшы мамандықтарын мең­геруі қажеттігіне қолдау білдіріп, өздерінің болашақ туралы ойларын ортаға салды. Оқу орнында сайлауға дайындық шарасы барысында тұңғыш дауыс берушілер тізімі әзірленгені, оларға зор жауап­кершілік артылатыны да айтылды. Облыстық кітапхана жанынан құрылған «Серпер» клубының төрағасы Бақытберді Қуатхан замандастарын Жолдаудағы міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруға белсене араласуға шақырса, кітапхана қызметкерлері дайындаған «Қазақ­стан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» көрмесі­нен де көпшілк келелі ой түйді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.
Соңғы жаңалықтар

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • Кеше