Швейцария Астанада өткізілетін Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына ресми түрде қол қойды. Бұл туралы Давос қаласында жыл сайынғы өткізілетін Бүкіләлемдік экономикалық форум аясында белгілі болды.
Келісімшартқа «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-тың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Швейцария Конфедерациясының секция комиссары Мануэль Салхи қол қойды. «Швейцарияның осы бір маңызды шараға қатысатындығына біз өте қуаныштымыз. Швейцария баламалы қуат көздерін белсенді пайдаланатын мемлекеттердің бірі. Оның үстіне, бүгінгі таңда климаттың өзгеруі орын алып жатыр. Сондықтан біз тек энергетика тақырыбын ғана емес, оның қоршаған ортаға ықпалы мәселесін де көтеретін боламыз», – деді өз сөзінде ұлттық компания басшысы А.Есімов.
«ЭКСПО – бұл Швейцария үшін энергоүнемділік пен жасыл технологиялар саласында атқарған жұмысын әлемге паш ететін үлкен мүмкіндік. ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» атты тақырыбы уақтылы әрі маңызды. Дүниежүзі бойынша энерготиімділік пен баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері ерекше өзекті. Бұл ретте, Швейцарияның әлемге көрсетері көп», – деді Швейцария Конфедерациясының секция комиссары Мануэль Салхи.
Осы келісімшарт арқылы Швейцария ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильондардың бірін таңдап алып, оның қайда орналасатындығын анықтады. Ендігі уақытта швейцариялықтар павильондарының ішкі мазмұны бойынша жұмыс атқаратын болады.
Сонымен қатар, Астана ЭКСПО-2017 Давос қаласында ақпараттық шаралар науқанын жүргізіп жатыр. Автобустар мен отельдер көрме логотипімен безендіріліп, Цюрих қаласының әуежайында арнайы көрме туралы бейнеролик көрсетілуде.
Айта кету керек, бүгінгі таңда 70 мемлекет пен 13 халықаралық ұйым Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысатындығын ресми растады.
Ұлан САНЖАР.

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05