23 Қаңтар, 2016

«Жас Қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерді дамыту орталығының МӘЛІМДЕМЕСІ

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жас Қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерді дамыту орталығының» Мемлекет басшысының Жарлығын қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

«Жас Қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерді дамыту орталығы» Елбасының Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастамасын жан-жақты қолдайды. Біз Мемлекет басшысына әлемдік дағдарыс қатер­лерін табысты еңсеруге бағытталған реформалардың көреген де салмақты бағыты үшін ризашылық білдіреміз. Сайлау өткізу туралы Жарлықтың уақтылығы еліміз үшін «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары мен дағ­дарысқа қарсы реформаларды ілгерілетудің жаңа кезеңіне байланысты баршаның жауапкершілігін айқындайды. Кезектен тыс Парламент сайлауы реформалардың саяси тұғырнамасын өзекті етіп қана қоймай, жас­тар­дың дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарларын талқы­лауға белсене қатысуларын қамтамасыз ететініне сеніміміз зор. Алдағы сайлауды Қазақстанның барлық белсенді азаматтары қолдайтынына сенімдіміз, өйткені бұл би­ліктің сайланбалы органдарын жаңартып, қоғам­ды топтастыруға және ел Парламентіндегі жұмыс­қа жаңа күштер тартуға қуатты серпін беретін болады.