23 Қаңтар, 2016

«Атамекен» ҰКП-ның Мемлекет басшысының Жарлығын қолдау туралы МӘЛІМДЕМЕСІ

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлықты қолдай отырып, біз Елбасына елімізге бүгінгідей құбылмалы заманда алдын ала іс-қимыл танытуға мүмкіндік беретін уақтылы және қажетті қадамға барғаны үшін өзіміздің ризашылығымызды білдіреміз. Созыла түсіп отырған жаһандық экономикалық дағдарыс мемлекеттен жаңа сын-қатерлерге, сондай-ақ жүргізіліп жатқан реформалар бағытын тереңдетуге қатысты жедел шараларды талап етеді. Бизнес өкілдері V шақырылымдағы депутаттардың үйлесімді жұмысын жоғары бағаласа, соның арқасында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде елімізді жедел жаңғыртудың заманауи заңнамалық арқауы қабылданды. Біз кезектен тыс сайлау кең көлемді қоғамдық пікірталас өткізіп, кәсіпкерлерді қоса алғанда, барлық мүдделі қоғамдық топтардың талабын ескере отырып, реформаларды әрі қарай ілгерілетуде аса оңтайлы стратегия таңдауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Жаңарған Парламент қоғамды топтастырып, дағдарысқа қарсы шешімді іс-қимыл үшін тиімді жалпыұлттық тұғырнама қалыптастыруға мүмкіндік беретініне сеніміміз кәміл.