23 Қаңтар, 2016

«Еуразиялық құқық қорғау орталығы» қоғамдық қорының МӘЛІМДЕМЕСІ

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Еуразиялық құқық қорғау орталығы» қоғамдық қорының Қазақстан Президентінің «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы» Жарлығына қатысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

«Еуразиялық құқық қорғау орталығы» елдің бүкіл қоғамдық-саяси күштерінің дағдарысқа қарсы стратегияны, сондай-ақ Қазақстан Президентінің бес институттық реформасын жүзеге асыруға мазмұнды қатысуы қажеттігіне үлкен маңыз бере отырып, Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығына өз қолдауын білдіреді. Елбасы қабылдаған шешімнің уақтылы және маңызды екенін оның өзі-ақ айтып тұр. Бүкіл әлем үшін күрделі осынау уақытта биліктің заң шығарушы тармағын заңшығарушылық жұмысқа жаңа серпін беруге қабілетті адамдармен жаңарту мемлекеттің дағдарысқа қарсы саясатының тиімділігін арттыруға жағдай жасайтын болады. Бүгінде, ел жаңа сынақтар табалдырығында тұрған кезде, біз оза іс-қимыл жасауға тиіспіз. Сондықтан, екі сайлау науқанын – Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарды сайлау – заң шығарушы және жергілікті билік өкілдерінің сайлау үдерістерін біріктіре отырып, біздің одан арғы іс-қимылдарға неғұрлым шұғыл кірісуімізге жағдай жасайды. Депутаттық корпусты жаңарту – азаматтық бастамаларды кеңейту, халықтың түрлі топтарының мүдделерін шоғырландыру және қазақстандықтарды институттық реформалар бағдарламасын табыс­ты жүзеге асыруға біріктіру үшін жаңа мүмкіндіктер.
Соңғы жаңалықтар

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • Кеше