26 Қаңтар, 2016

Ақтаудағы мас адамның мүсіні

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Снимокталай жұрттың назарын аудара бастады Ақтауда жұрттың назарын өзіне аударатын ерекше «ескерткіштер» жеткілікті. Олардың дені түнгі клубтар мен көңіл-көтеру орталықтарының маңына орналасқан. Қаладағы теңіз жағалауында орна­ласқан түнгі клубтардың бірінің алдында ішімдік құтысын ұстап, шатқаяқтап тұрған мас ер адамның сұлбасы пайда болды. Бұл клубқа келушілерге «ішімдікті шамадан тыс қолданған жағдайда сіз де сырт көзге, ортаға ыңғай­сыз қалыпта кө­рінесіз» дегенді ишара ету үшін қойылыпты. Ішімдік ішуге қатысты ескертпені ескерткіш арқылы жеткізбек болған­дардың идеясын Ақтаудағы тағы бір көңіл-көтеру орталығы толықтыра түседі. Олар да тордың ішіне адам қаң­қасын қою арқылы өз ойларын архи­тектуралық тілмен жеткізуге тырысқан. Сондай-ақ, тордың жо­ғары жағына «ол төлеген жоқ» де­ген жазу ілген. Бұл жазу мен ар­­хитектуралық қаңқадан жұрт кө­ңіл-көтеру орындарына келген демалушылардың ішінде тиісті тө­лемін төлемей кететіндердің болаты­нын ұғынады. Ақтаудағы «ерекше ескерт­кіш­­тердің» қатарын балалардың ойын алаңда­рындағы кім немесе не екенін анықтау мүмкін емес сұлбалар да толықтыра түседі. Алай­да, мұны бұдан бірнеше жыл­­ бұрын ағаштан жонып жа­салған бейнелердің қазір әбден ес­­кіріп, жаңбыр мен желден және ба­лалардың ойыны әсерінен тозып, өзі­нің бастапқы кейпін жоғалтуымен түсін­діруге болады. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Маңғыстау облысы.