26 Қаңтар, 2016

Басты мақсат – халыққа адал қызмет

487 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Scan10001Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» пар­тиясы Саяси Кеңесінің және оның Бюро отырыстарында еліміздің жетекші саяси күші ретінде партия алдына нақты міндеттерді қойды. Партияға, қазақстандықтарды бес институттық реформаны және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға жұмылдыруды, «Нұрлы Жол» бағдарламасының орындалуына бақылау орнатуды, қоғамда бірлікті бекемдеп, өңірлермен жұ­мысты күшейтуді тапсырды. Міне, аталмыш міндеттер мен тапсырмалар аясында партиялық жұмыстың негізгі алты бағыты айқындалды. Олардың қатарында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына, мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуына партиялық бақылау мен бағалаудың тұрақты жүйесін қалыптастыру, қоғамдық қабылдаулар жұмысын жолға қою, БПҰ-ның жұмысын жандандырып, жүйелеу, орталық аппарат пен өңірлер арасында тығыз байланыс орнатуға назар аудару айтылған. Сонымен бірге, «Жас Отанның» жұмысын прак­тикалық тұрғыдан жүргізуге, яғни нақты іске көшу, партияның Парламенттегі мүмкіндігін кеңінен пайдалану, партия фракциясы арқылы халықтың, өңірдегі, көкейкесті мәсе­лелерді шешетін заңнамалардың дер кезінде қабылдануына күш салу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы идео­логия мен осы жұ­мыстарды жергілікті жер­дегі партиялық құ­рылым­дарды тарта отырып кү­шейтуге көңіл бөлу де басты қағиданың бірі болып саналады. «Нұр Отанның» не­гізгі күші, оң қанаты оның БПҰ-ы. Оның әлеуетін дұрыс пайдаланып, партия белсенділері өңірлерде кездесетін көптеген өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне, қарапайым халықпен арадағы байланысты ны­ғайтуға атсалысуы тиіс. Бүгінгі басты міндетіміз – бастауыш партия ұйымдарының ұйымдастырушылық және саяси-тәрбие жұмыстарының пәрменділігін арттыру арқылы көп­шіліктің сеніміне ие болу. Міне, осы міндеттерді жүзеге асыруда аудандық партия филиалына қарасты 13 бастауыш партия ұйымы, партия Жарғысына сәйкес сайлау округтері негізінде құрылып, бағытты да бағдарлы жұмыс жасауда. Олардың құрамындағы 118 партия тобында 2334 партия мүшесі есепте тұрады немесе экономикалық белсенділердің 11,5 пайызын құрайды. Партия ұйым­дарының негізгі міндеті партия Жарғысының талаптарын орындау, өз қатарын нығайту арқылы Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында елімізді ұлы арманның асқарына бастайтын реформалар мен Ұлт Жоспарын, партияның бағ­дарламасы мен Саяси доктринасында белгіленген басты бағыттарды халыққа жеткізу, орындалуын қам­тамасыз ету. Өткен 2015 жылы Зай­сан аудандық партия филиалы партия қатарына 135 адам қабылдады. Пар­тиялық жарна төлемі­нің жоспары 100 пайыз орындалды. Дегенмен, бүгінгі БПҰ алдына қойылып отырған талаптар деңгейінде жұмысты жолға қою бірінші кезекте басшылықта жүрген, қоғамдық жұмыс сеніп тапсырылған азаматтардың жауапкершілігіне байланыста екендігі белгілі. Сондықтан, бастауыш партия ұйымдарының жұмыс пәрменділігін, сапасын арттыру, әр партия мүшесінің беделін көтеру, жергілікті жердегі БПҰ-ның, ондағы партия топтарының жетекшілерінің, мемлекеттік мекеме басшыларының міндеті. БПҰ-ның желісін ұдайы жетіл­дірумен қатар, олардың қызметін әрбір азаматтың өміріне оң ықпалын тигізе алатындай тиімді деңгейде ұйымдастыру бағытында ізденуіміз қажет. Осы мақсатта, «Ең үздік бастауыш партия ұйымдары» республика­лық байқауы өткізілді. Осы байқау аясында конкурс бірінші кезекте аудан, екінші кезекте облыстық партия филиалы деңгейінде болып өтті. Аудан деңгейінде өткен іріктеуде Сарытерек, Кеңсай, Айнабұлақ, №13 қала сайлау округтеріндегі БПҰ-лар жұмысы оң бағаланды. Облыстық деңгейдегі конкурсқа қатысқан №13 қалалық сайлау округінің БПҰ төрайымы Т.Уалынова аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің меңгерушісі, облыстық партия филиалының Алғыс хатына, бағалы сыйлығына ие болды. Партия жұмысының пәрменділігін арттыруда, партия атынан сайланған барлық деңгейдегі депутаттардың әлеуетін толық пайдалану мәселесі де күн тәртібінде. Елбасы, Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бас­тайтын жол» еңбегінде еліміз Тәуел­сіздігінің ширек ғасырында алған асулары, ғасырға бергісіз, теңдесі жоқ жетістіктері, әлем ел­дерінің ортасынан ойып өз орнын алуы, дамыған елдермен иық тіресуі, ел бірлігі, оның мөлдір бастауы халқымыздың «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген асыл сөзінде жатқаны атап көрсетілген. Елбасының еңбегі, оның даралығының, көреген көшбасшылығының тағы бір дәлелі көрсетіп отыр. Жаңа жылдан орындалуы бас­тау алған Ұлт Жоспары еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартқан үстіне жақсарта түсетініне сенімдіміз. Болашағымызды айқын­дап берген осы сенімді бұқара ха­лыққа жеткізу, ұялату, көкірегі ояу әр Қазақстан азаматының, «Нұр Отан­ның» бастауыш партия ұйым­дарының, әр партия мүшесінің басты мақсаты, мүддесі болуы тиіс. Қазбек БИҚАДАМОВ, «Нұр Отан» партиясы Зайсан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы.
Соңғы жаңалықтар

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • Кеше