АСТАНА. 26 қаңтар. Бельгияның Коксейде қаласының мэрі Марк Ванден Бушше алдағы бір айда босқын ер адамдарға қоғамдық бассейндерге келуге тыйым салды. Оған келуші әйелдердің шағымы себеп болып отыр. Бұл туралы lenta.ru ақпарат порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шаһар басшысының айтуынша, жергілікті қыз-келіншектер шомылу кезінде босқын ерлердің өздеріне сұқтана қарайтынын жеткізіп, шағымданған. Тіпті, кейбір босқындар әйелдер суда жүзіп жүрген кезде сол көріністің аясында селфиге түседі екен.
«Мұндай келеңсіздіктер күн сайын артып келеді. Бұрын-соңды бізде осындай шағымдар болған емес. Бастапқыда ешқандай шара қолданған жоқпыз. Алайда, Ирактан шыққан босқынның бассейннен шығып келе жатқан 11 жасар қызға тап беруі көпшіліктің жағасын ұстатты. Дәл осы оқиғадан кейін әрекет етуге мәжбүр болдық. Босқындарға өзіміздің өмір сүру қағидаларымызды үйрететін кез келді», – деген Ванден Бушше бұл тыйымның әйел босқындар мен балаларға қатысы жоқ екенін айтты.
Дегенмен, мэрдің бұл шешімі Брюссел тарапынан сынға ұшырады. Бельгияның Босқындар мәселесі жөніндегі мемлекеттік хатшысы Тео Франкен бір адамның әрекеті үшін барлық босқынды жазалауға болмайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Еуропада босқындар мәселесі Германияның Кельн қаласында жаңа жыл алдында болған оқиғадан кейін қайта ушығып кетті. Атап айтқанда, Кельнде Африка және араб елдерінен шыққан мыңдаған босқын ер адамдар әйелдер мен қыздарға тап беріп, олардың сөмкелері мен телефондарын тартып алған. Тіпті кейбірі зорлық-зомбылық әрекеттерге де жол берген. Осыған байланысты Кельн полициясы 766 қылмыстық іс қозғады. Оның ішінде зорлыққа қатыстылары да бар екенін атап өткен жөн.
Еламан Қоңыр.
Дерек: lenta.ru.
Сурет: spmi.ru.
• 26 Қаңтар, 2016
Бельгияда босқындарға бассейнге келуге тыйым салынды

Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Астанада құрылыс кранының кабинасы өртенді
Оқиға • Кеше