АСТАНА. 26 қаңтар. Ерлер мен әйелдер арасындағы жүрек талмасының айырмашылықтары анықталды. Бұл туралы lenta.ru ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Американың Circulation кардиологиялық қауымдастығының журналы әйелдер жүрек талмасының себептері, белгілері мен зардабы ерлерге қарағанда өзгеше болатыны туралы хабарлап отыр. XXI ғасырда АҚШ-та жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұматындардың саны едәуір азайғанымен, әйелдер бұл дерттен ерлерге қарағанда көбірек қайтыс болады. Мұның себебін ғалымдар әйелдер арасында жүрек ауруларын әлі күнге дейін нашар емдеу және аурудың себебін кеш анықтаумен байланыстырып отыр.
Миокард инфарктісінің басты себебі жүрекке апаратын негізгі қан тамырының бітелуі болып табылады. Ерлерге қарағанда, әйелдерде тамырдың бітелуі аса қауіпті болмайды, сол себепті оларға артерияны кеңейтудің қажеті жоқ. Алайда, нәзік жандарда жүрекке апаратын қан тамыры жиі бұзылатындықтан жүрек бұлшық етіне қан келуінің азаюына әкеп соғуы мүмкін. Бұл дерттің салдары да сол – жүрек талмасы.
Ерлер мен әйелдер үшін де жүрек талмасының басты белгісі – кеуде тұсының шаншуы болып саналады. Дегенмен, әйелдерде тыныстың бітуі, жүректің айнуы, арқаның ауруы секілді өзге де белгілер болуы мүмкін.
Емдеуге келетін болсақ, әйелдер қан ағысы қалпына келгеннен кейін бұл дерттің аса ауыр асқынуымен бетпе-бет келеді. Себебі, олардың қан тамырлары әдетте кішірек болып келеді. Сондықтан да қыз-келіншектер көбіне-көп диабет және жоғары қан қысымы секілді тәуекел факторлардан зардап шегеді. Сондай-ақ, дәрігерлер әйелдерге жүрек ақауын қалпына келтіру жөнінде сирек кеңес береді. Ал, нәзік жандар қалпына келтіру бағдарламасын соңына дейін жеткізбейді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: lenta.ru.
Сурет: asosudy.ru.
• 26 Қаңтар, 2016
Жүрек талмасының ерлер мен әйелдерде әртүрлі болатыны анықталды

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03