АСТАНА. 26 қаңтар. Жапонияда хакерлер шабуылынан денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты істен шықты. NHK телеарнасының мәлімдеуінше, бұл істі белгілі Anonymous ұйымының істегені анықталды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сайт қызметкерлері дүйсенбі күннен бері жұмыстарына кірісе алмағанын айтып, шағымданды. Бұл сайтқа осымен екінші мәрте шабуыл жасалып тұр. Өткен жылдың қараша айында осындай жағдайға тап болып, қалпына келтірілген болатын. Дүйсенбі күнігі шабуылдан кейін Жапония басшылығы бұл іске қарсы тұрудың жаңа жолдарын қарастырды.
Айта кетейік, өткен жылы киберқылмыскерлер Жапонияда ірі сайттарға жүздеген мәрте шабуылдаған. Салдарынан 140 ұйымнан 2,07 миллион адамның жеке дерегі ұрланды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Anonymous хакерлері 100-ге жуық істі, соның ішінде премьер-министр Синдзо Абэнің ресми сайтына жасалған әрекетті өз мойындарына алды.
Аталған хакерлер ұйымы сондай-ақ, Тайландта жергілікті соттың 300-ге жуық веб-сайтына және биліктің көптеген интернет-ресурстарына зиянын тигізген.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: ru.tsn.ua.
• 26 Қаңтар, 2016
Жапонияда хакерлер қолынан жүздеген сайттарға зиян келген

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03