АСТАНА. 26 қаңтар. Малайзияның полиция қызметкерлері радикалды аймақтардағы лаңкестерге қатысы бар 7 адамды тұтқынға алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Ұсталғандардың жас мөлшері 26-50 жас аралығында. Олардың бәрі экстремистік ұйымдарға қатысы бар екені анықталды. Арнайы жасақ бүгін және өткен жұма күні Куала-Лумпур қаласы мен бірнеше провинцияларда тергеу жұмыстарын жүргізді. Қолға түскендер әртүрлі стратегиялық нысандарда жоспар бойынша, лаңкестік әрекеттерін жасауға ниеттенген», – дейді Малайзияның полиция басшысы Халид Абу Бакар.
Ол сондай-ақ, қолға түскендердің бірі қауіпті аймақтарда соғысып жүрген содырлардан бұйрық алғанын, сонымен қатар сол уақытта тағы бір күдіктінің индонезиялық Бахрума Наима есімді азаматтан тапсырма алғанын әшкереледі. Индонезияның құқық қорғау органдары жақында Джакартада жасалған шабуылға дәл осы содырдың тікелей қатысы бар деп санайды.
Айта кетейік, Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак лаңкестер ұйымына қатысы 129 содырдың қамауға алынғанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, радикалды аймақтарда соғысып жүрген 55 малайлықтың бүгінде 17-сі қаза тапқан.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: zn.ua.
• 26 Қаңтар, 2016
Малайзияда лаңкестік ұйымға қатысы бар 7 күдікті ұсталды

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03