27 Қаңтар, 2016

Ажалға бет бұрған

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
адамды полиция құтқарып қалды Өткен сенбі күні қаланың қақ іргесінен өтіп жатқан да­рияға әлдекім секіріп кетеді. Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында орналасқан көпір­ден секірген адамның дүние­ден баз кешкені туралы ақпарат сол маңдағы жол-патрульдік полициясының қыз­меткерлеріне дер кезін­де хабарланды. Хабарлама тиісімен полиция қызметкерлері оқиға орнына жетеді. Жол-патрульдік полиция ба­­­тальонының қызметкерлері Шат­тық Жайсаңбаев, Ба­­­қыт­жан Әшірбеков пен Нұр­­лы­бек Нұртаев көпірге кел­ген­де, да­рияның ағысымен ба­тыс­қа қарай бір батып, бір шы­­­­ғып бара жатқан азаматты бай­­­қайды. Олар ауа райының қолай­­сыздығына қарамастан сырт­қы киімдерімен суға түсіп, аза­матты құтқарып ала­ды. Қы­зылордаңызда күн суық емес де­сеңіз де, қаң­тардың ортасы ғой, бәрі­бір қыстың сызы бар. Құт­­қарылған адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі. Оқиға басына жедел жәрдем қызметі шақырылып, азамат Қызылорда қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазір өз-өзіне қол салған адамның жағдайы жақсы деп бағалануда, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ал құқық қорғаушылар азаматтың бұл қадамға бару себептерін жан-жақты зерделеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». ҚЫЗЫЛОРДА.