Кеше «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы болып өтті. Оны акционерлік қоғам басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов кіріспе сөз сөйлеп ашты.
Көрме қалашығы нысандарының құрылыс жұмыстары одан әрі жалғасуда. Кездескен біршама қиындықтардан кейін біз құрылыс жұмыстары кестесін қалпына келтірдік. Құрылыс кестесін орындау біз үшін оңай емес, алайда, шегінетін жер жоқ. Үстіміздегі жылдың қазан айында біз құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, нысандарды тиісті қызметке дайындау үшін тапсыруымыз керек, деді Ахметжан Есімов кіріспе сөзінде. Одан әрі ол компания басшылығы ЭКСПО нысандарының құрылысын салуға отандық кәсіпорындарды барынша көбірек тартуға қолдан келгеннің бәрін жасап отырғандығын атап көрсетті. «Біз ЭКСПО нысандарының құрылысына отандық кәсіпорындар мен тауар өндірушілердің кеңінен қатысуына барынша жол ашып отырмыз. Іс жүзінде ЭКСПО нысандарын салуға Қазақстанның барлық өңірлері қатысуда. Соңғы бес ай ішінде ЭКСПО құрылысына 240 отандық кәсіпорын тартылды. Олар 32,3 миллиард теңге көлеміндегі жұмыстарға тапсырыс алды», деп атап көрсетті ұлттық компания басшысы.
А.Есімов Астана қаласында ЭКСПО көрмесін өткізу идеясының имиджін көтеру мақсатында соңғы бес ай ішінде бірқатар кешенді жұмыстардың атқарылғандығын атап көрсетті. Бүгінгі күнге дейін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын әлемнің 70 мемлекеті және 13 ірі халықаралық компаниялары растады. Олардың қатарында Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария және басқа мемлекеттер бар. Бұл мемлекеттер мен әлемге танымал трансұлттық компаниялардың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға жоғары ынталылық танытуына «Болашақтың энергиясы» атты көрменің негізгі тақырыбы барынша ықпал етуде. Адамзат дамуының болашағы баламалы энергетикалық қуат көздеріне байланысты екендігін бүгінде бүкіл әлем мойындаған.
Ахметжан Есімов Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысына қатысушыларды ұйымшылдықпен жұмыс істеп, қызметті ашық, транспарентті және жалпы жұртқа түсінікті деңгейде жүргізуге шақырды. «Қалыптасқан күрделі экономикалық ахуалды ескере отырып, біз бюджет қаржысын жұмсауға барынша ыждағаттылықпен қарауымыз керек. Бүгін мен Президентке барамын. Тағы да құрылысты оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізетін боламын. 78 миллиард теңгеге оңтайландыруды бұған дейін мақұлдаған болатын. Қазір бірнеше миллиард теңгені құрайтын жаңа ұсыныс жасамақпын. Егер қолдап жатса, бұл жайында сіздер бүгін еститін боласыздар. Сонымен бірге, осыған дейін жоспарланған барлық қызметтер толығымен сақталады», деді өз сөзінде Ахметжан Есімов.
Одан әрі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлап алу мәселесін ұсынды. Төраға қызметіне үміткер ұсыну үшін сөзді Қоғамдық кеңес мүшесі, белгілі журналист Артур Платоновқа берді. Ол «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің төрағасы қызметіне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовты ұсынды. «Ерлан Батташұлын біз ірі қоғам және саяси қайраткер ретінде білеміз. Ол еліміздегі білім саласының көшбасшысы Еуразиялық ұлттық университетті соңғы жылдары лайықты басқарып келеді. Қоғамдық кеңестің төрағасына лайық тұлға деп санаймын», деді А.Платонов. Осыдан кейін Қоғамдық кеңестің бірінші отырысына қатысушылар Е.Сыдықовтың кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді. Ерлан Сыдықов Қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде отырысты одан әрі қарай жүргізді. Қоғамдық кеңес мүшелері алғашқы отырысында биылғы жылы атқаратын жұмыс жоспарын қарап, оны бірауыздан бекітті. Сонымен бірге, күн тәртібінде тұрған бірқатар келелі мәселелерді талқылады.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47