28 Қаңтар, 2016

Нақты істер уақыты

232 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Салтанат РахымбековаЕлдің ертеңіне қатысты Ел­ба­сының бағдарламалық мақаласын бір демде оқып шыққан едім. Қолыма қарындашымды алып, астын сызып тұрып зерделей түс­кенде, ойым сонау өткен жыл­дарға кетті. Қай классиктің айтқаны нақты есімде жоқ, бірақ мағынасы – ұлылық уақыт өте, жылдар арасы қашықтаған сайын айқындала түседі деген. Біздің тәуелсіздігімізге небәрі 25 жыл енді толады, ал осы уақыттың ішінде қазақстандықтар өзінің Елбасымен бірге көптеген қиын­дықтарды жеңіп, үлкен жетіс­тіктерге қол жеткізді. Қазақ жұртының нарықтық экономиканы бетке ұстап, көшін түзеген тұсында біздің елдің болашағына қатысты күмәнді ой айтушылардың қатары аз болмағаны аян. Өткен жылдардағы тари­хы­мызға көз жіберсек, Нұрсұлтан Әбішұлы 1995 жылы мемлекеттің, ондағы әр азаматтың тағдырына қатысты жауапкершілікті өз иығына артып, бірнеше айдың ішінде 150-ден астам заңға қол қойып, ол Қазақстанның әрі қарайғы дамуына жол ашты. Сол кезде Ата Заңымыз қабылданды. Жас мемлекет, өзінің қажет институттарының заңдық негізін енді қалай отырып, төл теңгесін дүниеге әкеліп, бәсекелестікке толы әлемде алды­на қойған кеуделі мақсаттарын жария етті. 1997 жылы Президент Назарбаев «Қазақстан-2030» Стратегиясын ұсынған кезде арамызда «Мұн­дай қиялға бе­рілгенше, уақтылы зейнетақы мен жала­қыны төлеп, жарық пен жылу­ды беруді дұрыс­таңдар», дей­тіндер көп еді. Қазір ол сөздер ұмы­­­тылды, өйткені, біздің еліміз алдыңғы қатардағы озық елуліктің қатарында. Енді одан да жоғары – ал­­­дыңғы отыздыққа ену мақсаты тұр. Өз басым Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсын­ған Жоспардың табысты болатынына кәміл сенемін. Алғаш рет 5 институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт Жоспары «Нұр Отан» пар­тия­сының XVI съезінде жарияланып, Президент тапсырмасымен 5 институттық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» жасалды. Аз уақыт ішінде 60-тан астам заң қабылданды. Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында көрсеткендей, олар­дың барлығы «...мемлекетті, эко­номика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құ­қықтық орта қалыптастырды...». Бұл 1995 жылы біздің Президенті­міз атқарған аса жауапты, өте ау­қым­ды жұмыстарды елестетеді. Президенттің бағдарламалық мақаласында барлық бағыт айқын көрсетілген. Оның әрбір пунктінің мәні ерекше, маңызы жойқын. Мемлекетті кәсибилендіру, құқық тәртібі және заңдылық, индустрия­ландыру және экономикалық өсу, қоғамға есеп беретін ашық мем­лекет, ұлт бірлігі сынды ма­ңызды мәселелердің барлығы қам­тылған. Мен жоғарыда Жос­парда көрсетілген қатарды әдейі өзгерттім. Себебі, мақалада Ел­басының басты мақсаты– әлеу­меттік жетілген, экономикасы қуатты, өсіп-өркендеуші Қа­зақ­­­стан­ның дамуы халықтың біртұтастығында екендігі көрініп тұр. Сондықтан да Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаланың бір бөлімін «Реформалар табысы – ұлт бірлігіне бастар жол» деп атайды. Мен барша қазақстан­дық­тар­дың Ұлт Жоспарын жан-жақ­ты қолдап отырғанына, оны елдің кемел болашағына жол ашатын нақты қадамдар деп қабылдағанына қуаныштымын. Салтанат РАХЫМБЕКОВА, «Жасыл экономика үшін және G-GLOBAL-ды дамыту» коалициясы басқармасының төрайымы. АСТАНА.
Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024