28 Қаңтар, 2016

Ақмолада тәулігіне 60 тонна май шығаратын жаңа зауыт ашылды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-01-2016-mai zaut 1АҚМОЛА. 28 қаңтар. Облыс әкімі Сергей Кулагин Бурабай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Щучинск қаласындағы тәлігіне 60 тонна май шығаратын жаңа зауыттың жұмысымен танысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жаңадан ашылған «Бота» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорны тәулігіне 200 тонна майлы дақылдарды өңдеп, жоғары сапалы өсімдік майын өндіреді. «Мемлекет басшысы біздің алдымызға ауылдарда шағын бизнесті белсенді дамыту туралы тапсырып келеді. Кәсіпорын 25 адамды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. Ең бастысы, бұл жерде отандық өнім өндірілуде. Мен сіздердің жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, мүмкіндігінше қолдау көрсетеміз», – деді Сергей Кулагин. Серіктестік директоры Ермек Шәйкеновтің айтуынша, дайын өнім Қазақстанның барлық аймақтарына таратылады. Кәсіпорын аталған ғимаратты жөндеуге және модернизациялауға 140 миллион теңге жеке қаражатын жұмсаған. Жобаның жалпы құны 252 миллион теңгені құрайды. Бұл қаржының 75,8 миллион теңгесі Германия және Түркия елдерінен қондырғылар алуға, 1,9 миллион теңгесі бағдарламалық қамтуға жұмсалған. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz. 28-01-2016-mai zaut 2
Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024