АҚТАУ. 28 қаңтар. Маңғыстауда кен орындарында 5 сайлау учаскесі жұмыс жасайтын болады. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Маңғыстау облысы бойынша сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқалидің айтуынша, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын мұнай-газ саласының қызметкерлері сайлауда дауыстарын өз жұмыс орындарында береді.
Сондықтан, 20 наурыз күні кен орындарында 5 сайлау учаскесі жұмыс жасамақ. Оның үшеуі Түпқараған ауданында болса, екеуі Маңғыстау ауданының аумағында орналасады. Бұл учаскелерде 7,5 мың сайлаушы дауыс беретін болады.
«Сайлау учаскелері Қаламқас, Қаражанбас, Қарақұдық, Солтүстік Бозашы кен орындарында жұмыс жасайды. Адам санының көбеюіне байланысты биыл Қаламқаста екі сайлау учаскесі ашылды. Сондай-ақ, Солтүстік Бозашыда да бұрын учаске жоқ еді. Биыл ол жерден де ашып отырмыз», – дейді Есен Күмісқали.
Төрағаның айтуынша, 20 наурызда Маңғыстау облысында 115 сайлау округі мен 199 сайлау учаскесі жұмыс жасайтын болады.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: lada.kz.
Сурет: khabar.kz.
• 28 Қаңтар, 2016
Маңғыстаудағы кен орындарында сайлау учаскелері құрылады

Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше
Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Оқиға • Кеше
Шерхан Талап жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды
Мәдениет • Кеше
Еліміздің байланыс нарығы 380 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Кеше
Қазақстан ғарышты жаңа тәсілмен зерттеуге көшеді
Қазақстан • Кеше
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Кеше
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Кеше