АСТАНА. 28 қаңтар. Нью-Йоркте 200 мың зейнеткер мемлекеттік баспанаға кезекте тұр. АҚШ тұрғын-үйді дамыту және құрылыс департаментінің тапсырмасымен жүргізілген зерттеу қорытындысы Нью-Йорк қаласында қолжетімді баспана мәселесі өзекті екенін көрсеткен. Бұл туралы newsru.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Daily News басылымының хабарлауынша, жеңілдікпен сатылатын немесе жалға берілетін мемлекет қаржыландыратын пәтерлер кезегінде қазірдің өзінде 200 мың жасы келген қала тұрғыны тұр. Зейнет жасындағы қариялар бұл пәтерлерді орташа есеппен жеті жылдай күтеді. Табысы өте төмен немесе орташа табысты кей қариялардың, сондай-ақ, мүгедектердің кезекте тұрғанына 10 жылдың жүзі болған.
Зерттеуді жүргізген LiveOn NY компаниясының өкілі Бобби Сэкмэн: «Әлеуметтік жағдайы нашар қарттар үшін қолжетімді баспана қажеттілігі «өте жоғары» десек, осының өзі мәселені толық бағаламағанымыз болар еді», – дейді. Компания өкілі бұл жағдайды өз кезегін ұзақ уақыт күте алмайтын қарттардың көптігі күрделендіріп тұрғанын айтады.
Айта кетейік, 2014 жылы Нью-Йорк қаласының басшылығы қаладағы қолжетімді баспананың даму нарығы жоспарын жариялаған болатын. Жоспарда 80 мың жаңа тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, барлық бес бюро бойынша 120 мың пәтерді қайта қалпына келтіру көзделген. Жоба бойынша табысы аз және орташа қала тұрғындарының барлығын он жыл көлемінде баспанамен қамтамасыз етуі болжалған. Ал, жобаны жүзеге асыруға 40 миллиард АҚШ доллары жұмсалады деп жоспарланып отыр.
Еламан Қоңыр.
Дерек: newsru.com.
Сурет: news.tut.by.
• 28 Қаңтар, 2016
Нью-Йоркте 200 мың зейнеткер мемлекеттік баспана кезегінде тұр

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10
«Травиата» тағы да таңғалдырды
Театр • Бүгін, 09:55
Өнер • Бүгін, 09:50
Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Мирас • Бүгін, 09:35
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:23
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20