ТАРАЗ. 28 қаңтар. Жамбыл облысында бір оқушы сабақ кезінде омыртқасын сындырып алды. Бұл туралы nur.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл оқиға Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласындағы Абылай хан орта мектебінде болған. nur.kz сайтының жазуына қарағанда дәл қазір 13 жастағы оқушы Дияс омыртқасын жарақаттап, Сарысу аудандық орталық ауруханасында жатыр. Баланың ата-анасы бұл оқиғаға тарих пәнінің мұғалімін кінәлап отыр. «Менің балам сабақ үстінде жақын партада отырған бір оқушы қыздан қалам сұрап, орнынан тұрып барған. Мұғалім оқушының орнына отыруын талап етіп, артынша Диясты қатты итеріп жібереді. Оқушы оңбай құлаған», дейді баланың анасы Гүлжанар.
Дәрігерлер жас баланың омытқасы сынған деген диагноз қойып отыр. Дияс қазір орнынан тұрып, жүре алмайды. Тіпті өмір бойы арбаға таңылып, мүгедек болып қалу қаупі де жоқ емес.
«Бізді Тараз қаласына томографияға түсуге жіберді. Ал, осы іске кінәлі мұғалім ештеңе болмағандай жайбарақат жұмысын жалғастырып жүр. Ол тіпті ауруханадағы баламның жағдайын сұрап, бірде-бір мәрте келген жоқ. Мектеп директоры да үнсіз. Аудандық ішкі істер бөліміне шағымданып, арыз жаздым. Бұдан басқадан қайран болмай тұр. Диястан кейін 6 жасар балам бар, жан-жаққа ізденуге мүмкіндік жоқ», дейді анасы Гүлжанар.
Сарысу аудандық жергілікті полиция қызметінің жетекшісі Ренат Байбеков бұл бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айтады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Тергеу құпиясына байланысты басқа ешқандай мәлімет бере алмайды.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: nur.kz
• 28 Қаңтар, 2016
Жамбыл облысында бала сабақта омыртқасын сындырып алды

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40