ҚОСТАНАЙ. 28 қаңтар. Жітіқара ауданындағы кәсіпкер Ғалия Шүренова жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары облыстық басқармасын сотқа беріп, өзінің кәсібімен айналысу құқын қорғап қалды және 2,4 миллион теңге шығынын қайтарып алатын болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ғалия Шүренова шалғайда жатқан Жтіқара ауданы мен Қостанай қаласына жолаушылар тасымалымен он жылдан бері айналысып келеді. Бұл мақсатқа ол автобус жалдайды және өз көлігін пайдаланады. 2014 жылы жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары облыстық басқармасы кәсіпкермен «Қостанай-Забеловка» бағытында жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуге келісім-шартты үзеді. Ондағы сылтауы жүргізушілер бағыттың соңына дейін бармайды, жолаушылар шағымы болғандығын көлденең тартқан. Алайда, кәсіпкер мұндай дәлелмен келіспей, істің шын көрінісін дәлелдеу және өз бизнесін қорғау үшін облыстағы кәсіпкерлер палатасынан кеңес сұрай отырып, мемлекеттік органнның заңсыз әрекетіне қарсы сотқа жүгінді.
Кәсіпкер Ғалия Шүренова: «Алғашында жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасына барып, жағдайды түсіндірдім. Жолаушылардың шағым жасағаны өтірік. Басқармадағылар менімен сөйлеспеді де. Олар бүгінде тендерді де дұрыс өткізбейді, адамның шағымын, пікірін тыңдамайды. Олар бізді нарықтан ысырып тастағысы келді. Менің бар амалым палата мен сотқа бару ғана болды», – деді тілшіге телефон арқылы.
Кәсіпкер басқарманы соттың үш сатысында да жеңіп шықты. Ғалия Шүренова Кәсіпкерлер палатасының кеңесімен жұмыссыз қалған уақытындағы кеткен шығынды өндіріп алу үшін мемлекеттік органды екінші рет сотқа берді. Сот шығынды есептеп, 2,4 миллион теңгені кәсіпкер пайдасына қайтарып беруге шешім шығарды. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 28 Қаңтар, 2016
Қостанайда кәсіпкер сотта өз құқығын қорғап шықты

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40