28 Қаңтар, 2016

Жазушылар одағы «Жамбыл айлығын» жариялады

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-01-2016 zhambilАЛМАТЫ. 28   қаңтар. Осы жылв ақпан айының 28-інде Қазақстан халқы жыр алыбы Жамбылдың туғанына 170 жыл толу мерейтойын тойлайды. Осыған орай бүгін Қазақстан Жазушылар Одағында «Жамбыл айлығы» басталып, журналистерге арналған алғашқы баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы egemen.kz  тілшісі хабарлады. Жиналысты жүргізген жазушы, жамбылтанушы ғалым Нағашыбек Қапалбеков айлық кезінде республикамыздың түкпір-түкпірінде ақынның мұрасын зерттеу, зерделеу бағытында түрлі кештер мен ғылыми конференциялардың, симпозиумдар мен ән-жыр кештерінің болатынын айтып өтті. «Жамбыл менің өз атым, Халық менің шын атым» – деген ақынның жырымен бастаған Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, сенатор Нұрлан Оразалин айлық басының «Жыры әлемді шарлаған» атты сазды-кештің басталуына ризашылық білдірді. «Жамбыл есімі ешқандай да таныстыруды қажет етпейтін феноменальді құбылыс», – деді Нұрлан Оразалин. «Жамбыл айлығының» аясында Елордамыз Астанада да ақпанның 18-і күні «Жыр алыбына тағзым» атты әдеби сазды кеш өтеді. Ол туралы Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев хабарлады. Жазушылар одағының үлкен залында ақындар жырдан шашу шашты. «Сүйінбай сазы» ансамблі концерт қойды. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz. 28-01-2016 zhambil 1
Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024