29 Қаңтар, 2016

Қытай делегациясы – Сенатта

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Халық­аралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің делегациясымен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. ҚХР Мемлекеттік кеңесі жа­нындағы Даму мәселелерін зерттеу жөніндегі орталық бас­шысының орынбасары Лун Гоцянды қарсы алған сенатор Қазақстанның сыртқы сая­сатындағы маңызды басым­дықтардың бірі – Қытаймен тату көршілік қатынастар қа­лыптастыру екенін атап өтті. Лун Гоцян сенаторды Қы­тайдың ішкі саяси өмірі мен экономикалық саясатының ма­ңызды мәселелері туралы хабардар етті. Кездесуге, сонымен қатар, се­на­торлар Михаил Бортник пен Елеу­сін Сағындықов қатысты.