29 Қаңтар, 2016

Белсенділік бірден байқалды

227 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
IMG_4905Облыстық баспасөз клубында Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Бүгінде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу барлық қазақстандықтардың және елімізден тыс жерлердің де назарында отырғаны белгілі. Бұл сая­си науқанның маңызын ерекше түсінген әркім оның сәтті әрі демократия талаптарына сай мөлдір де ашық өтуін қалайды. Сондықтан Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова сайлауға дайындық барысына тоқталды. Үстіміздегі жылы 20 нау­рызда өтетін сайлауға облыста 1140 сайлау комиссиялары жұ­мыс істей бастады, соның ішінде 21 аумақтық, 1 облыстық, 4 қа­лалық, 16 аудандық, 1 округ­тік комиссия болады. 36 сайлау комиссиясы облыстық мәсли­хатқа, 62 сайлау комиссия қала­лық мәслихаттарға, ал 203 сай­лау комиссиясы аудандық мәсли­хат­тарға депутаттар сайлау жөнінде құрыл­ды. Облыс бойынша 552575 адам сайлауға қатысып, Парла­мент Мәжілісіне және барлық дең­гейдегі мәслихаттарға өз қалау­лыларын таңдайтын болады. Облыстық сайлау комис­сия­сының төрайымы Антонина Мар­кова кезектен тыс сайлау өткі­зудегі заң талаптарын атап өт­кеннен кейін журналистер сұрақ­тарына жауап берді. Соған орай 2015 жылы 26 сәуірде өткен Қазақ­стан Республикасының Прези­денті сайлауы мен бұл сайлау­ды өткізу үдерістерінде айыр­ма­шылықтардың да бар екен­дігін тілге тиек етті. – Мысалы, өт­кен жылғы Президент сайлауы науқанына тек аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары ғана қатысты. Ал округтік сайлау комиссиялары болған жоқ. Соған байланысты биылғы сайлау науқанында алдымен округтік сайлау комиссиялары мүшелерін оқытуға көңіл бөлеміз, содан кейін аумақтық, соңынан учаскелік сайлау ко­мис­сияларының мүшелерін оқыта­мыз. Өйткені, учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылар тізі­мін оларға берген кезден бас­тап жұмысын бастайды, яғни ол 1 нау­рыздан басталады, – деді Анто­нина Михайловна. Облыстық сайлау комис­сия­сының төрайымы облыста сайлау науқаны басталысымен саяси бел­сенділіктің жоғары екені байқал­ғанын атап өтті. Республикада бірін­ші болып Қостанай облысын­да барлық деңгейдегі мәслихат­тардың депутаттығына 17 канди­дат ұсынылды. Олардың біреуі облыстық мәслихаттың депутат­тығына, қалған 16-сы аудандық мәс­лихаттардың депутаттығына өзін өзі ұсынған. Барлық деңгейдегі мәслихаттарға ұсыну одан әрі жалғасып жатыр. «Қазақстан Республикасындағы сайлау тура­лы» Заң талабына сәйкес белгі­лен­ген мерзімдерді сақтай отырып, алдағы күндері олардың құжат­тарын, арызын тексеру, тіркеу жүзеге асатын болады. Парламент Мәжілісі мен бар­лық деңгейдегі мәслихаттар депу­тат­тарының кезектен тыс сайлауына облыс бойынша 818 сайлау учас­кесі құрылды. Төрайым бұл дауыс беруді ұйымдастыру бары­сында қаржыны үнемдеп, саяси науқанның барынша тиімді әрі белсенді өткізілуі үшін жасал­ған­дығын жеткізді. – Бір жылдың жүзі болса да уақыт өзгерістері бар. Өткен жы­лы Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің сайлауында сайлаушылар 847 сайлау учаскелеріне келіп дауыс берген еді. Ал Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау учаскелерінің саны 32-ге қысқарды. Мұның барлығы негізінен тұрғындар саны азайған аудандық, ауылдық жерлерде орын алды. Оның есесіне Рудный қаласында – 2, Қостанай қаласында бір сайлау учаскесі қосылды. Мұның барлығы сайлаушылардың орналасуына, санына байланысты орын алған өзгерістер. Онда заң талабымен қатар, дауыс беруге қолайлылық да қарастырылған. Мысалы, бұрынғы сайлауда бір ау­мақта 11 сайлаушы ғана болғаны кез­десті. Оның да 7-уі сайлау комис­сиясының мүшесі, 4-еуі сайлаушылар еді. Енді тұр­ғындары аз мұндай елді мекенге көлік жіберіп, сайлаушыларды сайлау комиссиясы орналасқан көр­ші ауылға алдыртқан дұрыс деп ойлаймыз, – деді Антонина Ми­хайловна. Негізі облыста сайлаушылардың да, сайланушылардың да бел­сен­ділігі әлден байқалып отыр. Об­лыстық сайлау комиссиясына өздерінің әлеуметтік өзекті мәселелерін айтып келіп жатқан сайлаушылар да бар. Сайлау комиссиясына көптен айлық жалақыларын ала алмай жүрген жұмысшылар келіп шағым айтқан. Ондай кезде Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері мұндай жағдайларды жұмыс берушілерге, әкімдіктерге хабарлаған. Көп жылдардан бері Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы ретінде еліміздегі сайлауларды өткізуге атсалысып келе жатқан Антонина Маркова бұл сайлау науқанында өткен жылдардың тәжірибесіне сүйенетіндігін айтты. Журналистер сұрағына сәйкес сырттан келетін байқаушылар жөнінде де айтып өтті. – Өткен жылы Президент сайлауында байқаушылар шал­ғайдағы Науырзым ауданында болып, сайлаудың өте әділ өткенін айтып келген еді. Ме­нің тәжірибемде сырттан кел­ген байқаушылар осылай бірін­ші рет шалғайдағы сайлау учас­келеріне шығып еді. Биыл да тілек білдіргендер, әрине, тек об­лыс орталығында ғана болмай, шалғай аудандарға да шығар деп отырмыз. Бұл олардың біздің елі­міздегі демократия салтанатына көзі жете түсетініне кепіл бо­лады, – деді Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Анто­н ина Маркова. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». ҚОСТАНАЙ.