«Кәсіптің көзін тапқан – өмірдің өзін табады». Ежелден келе жатқан осы тәмсілдің өміршеңдігіне күн сайын көз жеткіземіз. Әсіресе, дәл қазіргідей алмағайып кезеңде әлдебір кәсіпті ашып, оның жұмысын жүйелеп, нарықтағы бағыт-бағдарын айқындап, дөңгелетіп әкету дегеніңіз үлкен күш. Оның үстіне, алыпсатарлықтың да дәурені өтіп барады. Сондықтан өндіріспен айналысу тиімді болып тұр. Ірі демей, ұсақ демей, өндіріс саласын дамытсақ, онда шағын және орта бизнестің де көркейетіні ақиқат.
Жақында қызылордалық кәсіпкер Айкенже Мұқанова нан өнімдерін шығаратын кәсіпорын ашты. Бұл істе кәсіпкерге мемлекет тарапынан да қолдау болды. Айкенже Мұқанова өз бизнесін екі жыл бұрын бастаған. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие ресімдеп, жұбайы екеуі «Сердце Томирис» балабақшасын ашқан. Бұл идея кәсіпкерлер отбасындағы үш баласын бірдей балабақшаға орналастыруды ойластырғанда келген екен. Бизнесте тәжірибелері жоқ болса да, өз кәсібін ашсам деген ынтасы бар азаматтар тез арада өз кәсіптерін дөңгелетіп әкеткен. Осылайша, ісі алға басқан кәсіпкер ендігі жерде жұмыс ауқымын жан-жақты кеңейтуді жоспарлап, «Даму» қорына кеңес алуға жүгінеді және бастауыш кәсіпкер ретінде «Damu Start-up» бағдарламасы арқылы несие ресімдеуге кеңес алды. Көп ойланбастан шешім қабылдаған А.Мұқанова «Даму» қорының 70 пайыз кепілдендіруі арқасында наубайхана құрылысына 20 миллион теңге несие ресімдеп, бүгінде өндіріс нысаны өз есігін айқара ашып, қызмет көрсетуде.
– Наубайханамыздың ашылғанына әлі көп болмаса да, жұмысымыз қарқынды жүріп жатыр. Тәулік бойы қызмет көрсетеміз және бірінші кезекте сапалы әрі дәмді өнімді шығаруды мақсат етеміз. Кәсіпорында нанның бірнеше түрін дәмді етіп әзірлейтін нағыз білікті мамандар жұмыс жасайды. Әзірге біз тек 7 жұмыс орнын аштық, алайда, жоспарымызда наубайхана ішінен кондитерлік өнімдерді шығару бағытын іске қосып, жұмыс өнімділігін арттыруды көздейміз. Бұл да болса жаңа жұмыс орындарын ашуға өз септігін тигізері сөзсіз. Кезінде балабақшаны ашқанымызда, тәжірибеміз аз болса да негізгі мақсатымызға жетеміз деген ойымыз бизнестің жаңа кезеңін жүзеге асыруға әкелді және біз табысқа жететінімізге сенімдіміз. Жұмыс беруші ретінде отбасың мен қарамағыңдағы адамдардың алдында үлкен жауапкершілікті арқалайтының анық. Сондықтан өз бизнесіңді кедергілер мен қиындықтарға қарамастан жүзеге асыру табанды еңбекті қажет етеді,– дейді кәсіпкер.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы.

Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25
Қытайда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 16:22
Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57