Атам қазақ «Қалауын тапсаң, қар жанады» деп тұспалдайды. Қар қайдан жансын, ондағысы ыңғайын келтірсең ісің оңға басады дегенді меңзегені ғой. Шындығында солай, кәсіпкерліктің кілтін тапсаң шаруаң жүретінін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Қазір өңірде тосындау істің ұтырын келтіріп, пайда көзін тауып отырғандар да баршылық. Міне, осындай кәсіпкерлердің қатарында Арсен Абрамянды атауға болады.
– Алғашқыда өзіміз жұмыртқасын тұтыну үшін 20 бөдене ұстағанбыз. Кейін өзімізден артылған бөдене жұмыртқаларын шағын қорапқа салып базарға шығара бастадық. Байқап қарасақ, сұраныс жаман емес. Бұл бізді бөдене жұмыртқаларын базарға көбірек шығарып, табыс табуға итермеледі. Сөйтіп, бөдене санын арттырып, кәсіпкерлік көкжиегін кеңейте түстік, – дейді кәсіпкердің ұлы Гайк Арсеневич.
Бұл олардың отбасылық бизнесі болып табылады, Бұдан басқа ет өнімдерін өңдеумен айналысады, қазірдің өзінде мұнда 10 мың бөдене өсірілуде. Бөденелер автоматты басқарылатын өндірістік желіде ұсталады. Оларға жем-суы автоматты түрде беріледі, жұмыртқаларды жинау да солай атқарылады. Сондықтан барлық жұмысты үш-ақ жұмысшы жеп-жеңіл үлгереді.
Бөденеге қажетті құрамажемді әзірге Ресейден жеткізуде. Болашақта өздерінің құрамажем зауытын салу да қарастырылуда.
Отбасылық кәсіпкерлер жұмыртқа салынатын қораптың дизайнын безендіруді өздері бақылап, тапсырыспен жасатады. Жарнамасы жұтынып тұрмаса, өнімің қанша сапалы болғанымен тұтынушының беті бері бұрылмайтынын кәсіпкерлер де түсінеді. Оның үстіне жеңсік ас болғанымен, бөдене жұмыртқасы нарыққа жаңадан шығарылып жатыр ғой. Сондықтан әдемі безендірілген қораптарға 10,18 және 20 жұмыртқадан салынады. Мұнда бөденелер сегіз ай жұмыртқа береді. Содан кейін жас бөденелермен алмастырылады, кәсіпкердің бөдене балапанын шығаратын инкубаторы да бар. Сондай-ақ, етке сойылатын бөденелерді ыстайтын қондырғы да жұмыс істейді.
– Күніне 1000-1500 жұмыртқа өткіземіз. Бөдене жұмыртқасының бір данасы 15 теңге тұрады. Сондай-ақ, екі аптада 200 дана ысталған бөдене еті сатылады. Халық әлі бөдене етіне үйренісіп кете алмауда. Алайда, күн өткен сайын сұраныс артып келеді. Соны ескеріп, бөдене санын 30 мыңға дейін жеткізу көзделуде, – дейді Гайк Арсенович.
Отбасылық бизнес иелері бұған дейін кәсіптеріне өз қаржыларын салып келіпті, ара-тұра банктен несие алған. Енді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-пен жұмыс істеуге талаптануда. Жеңілдікпен несиеге қол жеткізсе, құрамажем зауытын салу да, өндірісті кеңейту де өздеріне жеңіл болады деп ойлайды бөдене өсіруші Абрамяндар отбасы. Кәсіпкер өз өнімдерін ішкі нарыққа шығара бастады, алда Ресейге, одан әрі Еуропаға өткізудің қам-қаретін де ойластыруда. Мұның өзі отбасылық бизнестің буыны беки бастағанының дәлелі болса керек.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25
Қытайда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 16:22
Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57
Алматыда дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:45
Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:40