Кеше Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Италияның Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және орман саясаты министрі Маурицио Мартинамен кездесу өткізді, деп хабарлады, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында тараптар екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы, АӨК-тегі бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты дамытудың жоғары әлеуетін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Миландағы ЭКСПО-2015 сәтті өткеннен кейін Италияның 2017 жылы Астанада өтетін көрмеге қатысуы маңыздылардың бірі болатындығына сенім білдірді.
Бақытжан Сағынтаев пен Маурицио Мартина, сондай-ақ, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелігі жағдайында республиканың агросекторын дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Кеше