30 Қаңтар, 2016

41%

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жамбылда жергілікті полиция жыл басынан өз жұмысын бастағалы жол-көлік оқиғасы осынша пайызға төмендеді Жамбыл облысының Өңір­лік коммуникация қыз­метінде Жамбыл об­лыс­тық жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Бейсеев брифинг өткізіп, жергілікті полиция жұ­мысын түсіндірді. Жаңа жыл­дан бастап Қазақстанның барлық өңір­лерінде жергілікті полиция қызметі өз жұмысын бастағаны белгілі. Аталған қызмет функциясына қо­ғамдық тәртіп күзеті, жол қауіпсіздігі мен тұрмыстық қыл­мыстың алдын-алу мін­деттері кіреді. – Жамбыл облысында осы уақыт аралығында ҚР Әкім­шілік құқықтық бұзушылықтар заңнамасына сәйкес, 2015 әкім­шілік құ­қықтық бұзу­шы­лықтар, жол полициясы бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарынан 9 мыңнан аса жол жүру ере­желері бұзылғаны анық­тал­ды. Жүр­гізілген про­фи­лак­тикалық жұ­мыстар нәти­жесінде Жамбыл облысында автожолдағы жол-көлік оқи­ғасының саны 41 пайызға төмендеді, – деді жергілікті полиция басшысы Бақытжан Бейсеев. Жергілікті полицияға өт­кен қызметкерлердің штат­­тық саны 1 110 адамды құ­райды. Жыл басынан бе­рі Жам­был облысында 2027 әкім­шіліктік құқық бұзу фак­тісі тіркелді. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.