30 Қаңтар, 2016

«Көрермендер көзайымы» жүлдесі

556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Егемен Қазақстан» газетінің ардагер журналисі Қайсар Әлімге тапсырылды Астанада Қазақстан Респуб­ли­касы Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғы­на, Қазақ радиосының 95 жылды­ғына, «Шалқар» радио­сының 50 жылдығына және «Алау» мұзайдыны сарайының 5 жылдығына арналып БАҚ өкілдері арасында өткізілген конь­кимен жүгіру сайысы мәресіне жетті. Соңғы жылдары БАҚ өкілде­рінің осы тектес сайыстарының бұқаралық си­пат ала бастағанына назар аударылды. Командалық есепте бірінші орынды «Каzah TV», екінші орынды «Қа­зақ­стан» ұлттық телеарнасы, үшін­­ші орынды «ОҢ» TV» телеарнасы жеңіп алды. Ал «Егемен Қазақстан» газеті­нің ардагер журналисі Қайсар Әлімге «Кө­рермендер көзайымы» жүлдесі тапсырылды. Назар ҚАСЫМ. АСТАНА.