30 Қаңтар, 2016

Бокстан әскерилер арасындағы Қазақстан чемпиондары анықталды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 30 қаңтар. Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің 61993 әскери бөлімінің базасында бокстан әскерилер арасындағы Қазақстан чемпионаттың финалдық жекпе-жектері өтті.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Финалға 80 армияшы спортшы қатысты. Боксшылардың шеберліктеріне жоғары санатты төрешілер баға берді. Олардың шешімімен жалпыкомандалық есепте 61993 әскери бөлімінің командасы жеңіс тұғырынан көрінді, екінші орынды 32363 әскери бөлімінің жауынгерлері иеленсе, үшінші орын 18404 әскери бөлімінің боксшыларына бұйырды. Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының VI Спартакиадасы шеңберінде армрестлингтен чемпионат өтті. Жалпыкомандалық есепте Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының әскери қызметшілері чемпион атанды. Екінші орынды 19132 әскери бөлімінің спортшылары иеленсе, үшінші орынға ҚМ Әскери полиция жасағы ие болды. Қазақстанның Қарулы Күштерінде бұқаралық және кәсіби тұрғыдағы спортпен шұғылдануға аса мән беріледі.  Бүгінде Қорғаныс министрлігі спорт клубының бес спортшысы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды. Қазіргі уақытта АОСК-ның әскери қызметшілері спорттың 15 түрімен шұғылданады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. ????????????????????????????????????