«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының белсенділері қалада партияның сайлауалды штабы ашылғанын хабарлады
Партияның Алматы қалалық филиалында өткен брифингте қалалық сайлауалды штабтың жетекшісі Рахман Алшанов үстіміздегі жылдың 30 қаңтарында партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің жетекшілігімен Республикалық сайлауалды штабтың ашылғанын атап өтіп, Республика бойынша қалалық және аудандық сайлауалды штабтар өз жұмыстарын бастағанын жеткізді.
Осы іс-шара аясында «Алматы қалалық сайлауалды штабының құрамына танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, партия белсенділері, қалалық филиал саяси кеңесінің мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен жастар ұйымдарының белсенді өкілдері еніп отыр.
Журналистермен өткен басқосу барысында сайлауалды штаб жұмысының міндеті – «Нұр Отан» партиясының парламенттік және мәслихаттар сайлауларында айқын жеңісіне қол жеткізу екендігі, партияның кезектен тыс XVІI съезінде Парламент Мәжілісінің депутаттары сайлауына арналған партиялық тізім бекітілгені және жаңа қабылданған «Қазақстан-2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарлама аясында көптеген іс-шаралар атқарылуы тиіс екендігі атап көрсетілді.
Айта кетсек, Алматы қаласы бойынша сенімді өкілдер мен партия белсенділерінің жұмысын үйлестіретін 1 қалалық және 8 аудандық сайлауалды штабы өз жұмыстарын бастады. Олардың құрамында 170 адам бар. Сонымен қатар, қала бойынша сайлауалды штабтарының жұмысына 1500-ге жуық сенімді өкіл қатысады.
Қалалық штаб жұмысының ашылуына «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Аманжолова, «Нұр Отан» партиясы фракциясының Алматы қаласы мәслихатындағы жетекшісі Мұрат Әділханов, Қазақстанның Еңбек Ері, белгілі ұстаз Аягүл Миразова, танымал қаржыгер Серік Аханов, Олимпиада жеңімпазы, боксшы Ермахан Ыбырайымов «Локомотив» АҚ филиалының директоры Болат Оспанов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен қалалық жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
Суретті түсірген
Юрий БЕККЕР.

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56