Ресейдің Түмен облысындағы Тобольск қаласында орналасқан «Әулие Үштік» храмында мұсылман қызы Земфира Шарипова Шуберттің, Бахо-Гуноның, Аркадельттің және Качанидің «Ave Maria» деп аталған туындыларын орындап, Рождествоға жиналған христиан қауымға өзіндік бір сый-сияпат жасады.
Ал орган мен вокалды музыка концерті кешіне католик, православие және мұсылман діндерінің өкілдері қатысты. Соңында храм настоятелі Дариуш Станьчик жоғары деңгейдегі музыкалық өнердің адамдарды жақындастыратынын айта келіп, осындай қыз бен немере тәрбиелегендері үшін Земфираның ата-анасы мен әжесіне алғыс сезімін білдірді. Қала басшысы Владимир Мазур концерт кезінде өзінің жаны рахат тауып, өзгеше бір күй кешкенін жеткізе тұрып, осындай үйлесімділікті бүкіл қала жұртына тіледі.
– Земфира Шарипова – біздің Тобольскідегі тілшіміз, – деді «Муслим-инфо» газетінің редакторы Калиль Кабдулвахитов. – Ол – Тобольскіде ХХ ғасырдың басында прогрессивті көзқарастағы мұсылмандар қауымдастығының негізін қалаған Хизрали Бакиевтің шөбересі. Өте талантты қыз, саяхатқа шыққанды жақсы көретін ізденімпаз жас. Ол осы кезге дейін Мысырда, Әмірлікте, Түркияда, Өзбекстанда, Әзербайжанда, Қазақстанда, Украинада, сондай-ақ, Ресейдің көптеген аймақтарында болып үлгерген. Енді биыл Иран мен Тәжікстанға барып қайтуды армандап жүр. Земфира тек біздің газетімізді ғана емес, сондай-ақ, Umma72.ru атты порталымызды да мұсылман қауымы жаңалықтарымен қамтамасыз етіп, саяхаттары барысынан жақсы суреттемелер жазып тұрады.
Айта кетейік, «Аве Мария» (латыншадан аударғанда, «Қуан, Мария») – христиан дінінің тәмсілдеріне сай, Гавриил (Жәбірейіл) періштенің әулие Марияға Иисусты босанып жатқан кезінде игілік пен жақсылық тілеп айтқан тілегінің бірінші сөз тіркесі.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56