Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда өткен «Ақтөбе өңірінің музыкалық мұрасы» атты аудиожинақтың тұсаукесеріне өнерсүйер қауым көп жиналды. Аудиожинақтың алғысөзін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жазған. Жинаққа Ақтөбе жерінде туған, өмір сүрген белгілі ақындар мен халық композиторларының шығармалары енген. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай шығарылған ән мен күй жинағында 12 СD диск бар. Оларға 213 шығарма жинақталыпты.
Ақтөбе өңірі музыкалық мұраға бай. Жинаққа Ақтөбе топырағында ізі қалған әйгілі Асан қайғы, Мөңке Тілеуұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Ақтан Керейұлы, Әбубәкір Кердері Сарышолақ Боранбайұлы, Сары Батақұлы, Қызыл Тұрдалыұлы, Таразы Кәленқызы, Тәңірберген Молдабай, Нұрпейіс Байғанин сияқты жыраулар мен халық композиторларының шығармалары, өңірдің ән шеберлері мен термешілері орындауында кең таралған дәстүрлі халық әндері, көнеден келе жатқан халық күйлері мен дәулескер күйші Қазанғаптың және оның ізбасарларының күйлері топтастырылған. Сонымен қатар, қазіргі заманғы қазақ музыка өнерінің негізін қалаушы, академик Ахмет Жұбановтың, ақын-композитор Бәкір Тәжібаевтың шығарған әндері, көрнекті жерлес ақындар Қ.Шаңғытбаев, С.Жиенбаев, М.Ақдәулетұлы, Е.Ашықбаев және басқалардың сөздеріне жазылған танымал композиторлар мен жергілікті сазгерлердің шығармалары енгізілген.
Мәдени мұраның тұсаукесерінде сөз алған Қазақстанның мәдениет қайраткері Еркін Құрманбеков, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, композитор Қайырғали Қожанбаев өңірдің музыкалық мұрасын топтастырып, аудиожинақ шығару арқылы үлкен іс тындырылғанын атап өтті. Сондай-ақ, бұл өңірде өмір сүрген өнер иелерінің бай мұраларының жоғалмауына, кейінгі ұрпаққа саф алтындай таза күйінде сабақтаса жетуіне алғышарт жасайтынын жеткізді. Ақын-жырау Нұрпейіс Байғаниннің ұлы, күйші Момын Байғанин мәдени мұраның тұсаукесеріне жиналғандарға батасын беріп, Қазанғаптың күйлерін орындады. Талантты күйші Жайлау Асылхановтың орындауындағы Қазанғаптың ұмытылыңқырап бара жатқан «Нар идірген» күйі көрермендердің көңілін терең тебіреніске бөледі.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56