ТАРАЗ. 2 ақпан. Елімізді индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Меркі ет» ЖШС-і өңірлік индустриаландыру картасына енгізілді.
Бұл бойынша 2016-2017 жылдары Рысқұлов ауылындағы «Меркі ет» ЖШС-не қарасты бұрынғы ет комбинатын қайта жаңғыртып, ет консервісі (тушенка) өнімдерін және шұжық өнімдерін шығару жоспарланып отыр. Қуаттылығы жылына 250 тонна шұжық және 262 мың консерві (тушенка) банкасын шығаруға жетеді.
Жоба құны 620 млн. теңге. Бүгінгі күні қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталды. Іске қосу мерзімі 2016 жылдың екінші тоқсаны деп жоспарлануда. Жоба іске қосылған кезде 25 азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Оған қосымша 2015 жылы шикізатты дайындау мақсатында бір мезгілде 3000 бас ірі қара малын бордақылайтын бордақылау алаңын іске қосу жоспарлануда. Жылына шамамен 4 мың 500 бас ірі қара малын бордақылап, 1100 тонна ет өндіреді.
Сонымен қатар, 2016 жылдың екінші жарты жылдығында «Орталық Азия Қант бірлестігі» ЖШС-нің Меркі филиалының шырын тазалау цехын қайта жаңғырту жобасын аталған картаға енгізу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны шамамен 849 млн. теңге.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56